АСЫҚ АТУДАН МЕКТЕПІШІЛІК ТУРНИР

Асық ойыны – әр өлкеде әртүрлі ерекшеліктерін сақ­тай отырып дамыған ұлттық ойындардың ішінде аса танымалы және қазақ халқы­ның дәстүрлі ұлттық ойын­дарының ең қызықты әрі өте кең тараған түрі. Бұл ойын мазмұны жағынан ұтыс ойыны тобына жатады. Асық ату балалардың мергендігін арттырады, дәлдікке, есепке үйретеді. Ғасырлар бойы халықтың зердесінде сақталып келген осы бір ойынды өскелең ұр­пақты тәрбиелеудің құралы ретінде пайдалану мақсатында, мектебімізде, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында   асық атудан мектепшілік турнир өтті.

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.