
«Гүлдер» шағын орталығында «Балабақша мен ата-ана арасында ынтымақтастық» тақырыбында семинар – тренинг болды.Мақсаты: балабақшамен отбасындағы ынтымақтастықты біріктіре отырып оқу және тәрбилеу жүйесін ұйымдастырып, әр баланы жеке тұлға ретінде қазіргі заман талабына сай рухани жан дүниесін байытып, бойындағы құндылықтарды дамыту.Балабақша мен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты құру.Мектеп әкімшілігінен Теміржанова Г.К ата-аналарға баланың тұлға дамуына балабақша мен отбасының тығыз байланысын атап кетті.Ата-аналар балалар әлеміне саяхат жасап, топтық жұмыстар орындады.Мектеп психологы Тргаева М өз тренингінде ата-анамен тәрбиеші арасындағы қарым-қатынас, баланың дамуына бірігіп жұмыс жасау жолдарын көрсетті.Мнемокесте арқылы жұмбақ шешсе,Триз технологиясы арқылы өлең жаттады.Бүгінгі таңда ата-ана мен тәрбиешіарасындағы ортақ мәлеле – бала тәрбиесі екен баршаңызға мәлім. Ата- ана үшін бала өмір жалғасы, көздің нұры, үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек, тәрбиеші үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады.