«Бағалау тапсырмаларын әзірлеу» семинары

Мектебімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау құралдарын әзірлеу бойынша жұмысты нығайту мақсатында 20 қыркүйек күні «Бағалау тапсырмаларын әзірлеу» тақырыбында мектеп директорының оқу ісі орынбасары семинар өткізді.
Міндеттері:
• критериалды бағалау құралдарын әзірлеудің негізгі тәсілдерін зерделеу;
• критериалды бағалау үдерісінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипатын ашып көрсету;
• бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеуді және оларға дескрипторларды құрастыруды үйрету;
• тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеуді және балл қою кестесін құрастыруды үйрету;
семинар барысында мұғалімер әдістемелік бірлестіктер бойынша топқа бөлініп, бағалау критерийін құнрастыруды, жиынтық бағалау құру кезіндегі тапсырма түрлерімен, алгоритмімен танысты, практикада жасап көрді.

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.