“Бақытты бала” жобасы аясында “Гүлдер” шағын орталығында “Ұлттық бұрыш” орталығы ашылды.


Орталықта тәрбиеленушілерімізге арналған ұлттық құндылықтарға, тағамдарға, ұлттық ойындарға, ұлттық киімдерге арналған мағлұматтармен әр түрлі үстел үсті ойындары ұйымдастырылды.
Балабақшадағы ұлттық тәрбиенің өзектілігі тәрбиеленуші сәбилерді рухани ізгі қасиеттерге баулып, тәрбиенің көздері ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеуге халықтың салт –дәстүрлерін аялай білуге ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу болып табылады. Сәбилердің жас ерекшелігін ескере отырып елін жерін қорғауда атадан балаға мирас болып қалған тарихын салт-дәстүрін, ана тілін қастерлеу, үлкенге –құрмет кішіге ізет көрсетуін мұра етіп,тәуелсіз еліміздің парасатты адамгершілігі биік білімді азаматтарын тәрбиелеуде адами қасиеттерді қамтып білімді ұлттық қасиетті түсінетін тұлға тәрбиелеу.
Ұлттық тәрбиені балабақшадан бастауымыз керек. «Не ексең, соның орасың» демекші, балаларымызды қандай жолға бастасақ, олардың сол бағытты алатыны белгілі. Ал біздің ата-бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз – тәрбиеміз қазақтан басқа ешкімде жоқ үлгі.

Шағын орталық әдіскері Тулкина Г.Е

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.