«Білім беру мазмұны жаңарту жағдайында ата-аналармен жұмыс ұйымдастырудағы жаңа амалдар» аудандық семинар

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде 28 қараша күні Май ауданы білім беру бөлімінің бастығы О.Н.Темірболатованың, Май аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Утеубаева Алмагүл Нығметқызының, Май ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Каббасов Нығметолла Матанұлының, аудан прокуроры әділет кеңесшісі Сатыбаев Әсет Қайырұлының, ІІБ-нің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы міндетін атқарушы Андеров Әлібек Манатұлының, аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі Сыздыкова Гулсинай Қанатқызының және ІІ бөлімінің учаскелік инспекторларының, мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтар, қамқорлық кеңесінің төрайымдары, сынып жетекшілердің қатысуымен аудандық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: жаңарту жағдайында ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың жаңа амалдарын іс жүзінде іске асыру және білім беру мен тәрбиелеудің өзекті мәселелерін жан жақты талқылау.
Семинар барысында қонақтарға ұйымдастырылған «Кемел келешектің берік тұғыры» жетістіктер галереясы және І бөлімнің ІҮ секциясында: І секция «Х,Ү және Z ұрпақтарының ерекшеліктері» оқушы мен ата-ана арасында дискуссия, ІІ секция «ХХІ ғасырда сұранысқа ие болатын мамандықтар» семинар-практикум, ІІІ секция «Құндылықтар дағдарысы» семинар-сабақ, ІҮ секция «Тұлға қабілеттілігінің психологиялық ерекшеліктері» психологиялық ағарту жұмысы өткізілді.
Әр секцияда ата-аналармен жұмыс жасаудың түрлі формалары көрсетілді. І бөлімнің қорытындысы ретінде әр топ спикерлері жасаған жұмыстарын қорғады.
Семинардың ІІ бөлімі «Білім беру мен тәрбиелеудің өзекті мәселелері» тақырыбында қонақтардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Семинардың нәтижесінде қатысушылардың пікірі ортаға салынып, оқушы тәрбиесі өзекті және аса маңызды жауапкершілікті қажет ететін жұмыс деген ортақ пікірге келді.

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.