
Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт лидері Назарбаев Н.Ә өз сөзінде: «Өскелең қазақстандықтардың позитивті жасампаз дүниетанымға, жауапкершілік сезіміне, мықты адами қасиетке ие, саналы таңдау жасап, дербес шешім қабылдай алатын, Отанның игілігін ойлайтын жан-жақты тұлға ретінде тәрбиеленген азаматтар болуы қажет» деп , бірнеше рет атап айтқан болатын.
Бұл міндеттің ойдағыдай шешімі табылуы үшін мектеп пен отбасы арасындағы өзара сыйластық пен сенімнің негізінде 10 қыркүйек күні Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде мұғалімдер мен бірінші сынып ата – аналарына 21 ғасыр ата – аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы Республикалық ата – аналар конференциясын педагог – психолог Магнұрова М. А өткізді.
Конференция барысында мектеп директоры Сабирова Г.Ж ҚР Білім және ғылым министрі Сағадиев Е.К Республикалық ата – аналар конференциясының қатысушыларына құттықтау сөзін жолдады.
«Неліктен балада қиындықтар туындауы мүмкін?», «Ата – аналарға кеңестер», «Бірінші сынып оқушысы ата – аналарының « Үш «Б» заңы », «Қазақстан Республикасының орта білім беру реформасының аясында білім берудің артықшылығы» атты сұрақтары талқыланып, тақырыптық видеороликтар көрсетілді. Ата – аналар «Сөздер» жаттығуын орындап, тілектер жазылған жүрекшелерді сыйға алып, өздерін толғандыратын сұрақтарын қойды.
Конференция соңында ата – аналар өз ризашылықтарын білдіріп, жас маманға табыс тіледі.