
Соңғы екі онжылдықта дін мен конфессияаралық қатынас аясындағы жағдай айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Діни ахуалдың жай-күйі, өсу қарқынына жасалған талдау өскелең ұрпақ өкілдерінде діндарлықтың артқандығын байқатады. Және де бұл жеке тұлғаның табиғи рухани қажеттілігі тұрғысында ғана емес, қоғамда қалыптасқан мәдени және рухани дәстүрге нұқсан келтіруге талпынатын жалған діни ұйымдар қызметі арқылы да өсуде.
Қазіргі таңда елімізде діннің қоғамдық және адамдардың жеке өміріне ықпалы күшейе түсуде. Діни сенімдердің саналуан сипат алуы, түрлі діни топтардың көбеюі бұл мәселеге жіті назар аударуды талап етіп отыр. Осы мақсатпен мектепте «Діни ұйымдардың қоғамдағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оқушыларға Павлодар облысы аймағында қызмет ететін діни бірлестіктер туралы мәлімет, Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған ұйымдар туралы мәлімет берілді.