«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПСИХОЛОГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

2018 жылғы 2 қазанда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Жылдың үздік психологі» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді. Конкурс талантты психологтерді анықтау және қолдау, олардың одан әрі кәсіби дамуы және шығармашылық тұрғыдан өсуіне ықпал ету мақсатында өткізіледі. Іріктеу турының қорытындысы бойынша облыстық кезеңге 33 психолог өтті, оның ішінде Павлодар қ. – 4, Ақсу қ. – 3, Екібастұз қ. – 3, аудандардан – 23.
Конкурстың қазылар алқасы психологтердің кәсіби шеберлігін, психологиялық-педагогикалық қызмет саласында өзін-өзі таныта білу қабілетін көрсету және білім беру процесінде психологиялық міндеттерді жобалау мен шешу іскерліктерін, психолог мамандығы туралы, өзінің кәсіптік көзқарасы туралы стандарттан тыс ойларын баяндайтын эссе жазу біліктіліктерін бағалады.
Конкурс қорытындысы бойынша Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің психологі Магнұрова Мөлдір Ақылбекқызы І орын иеленді.
Республикалық конкурс 2018 жылғы 11-13 қараша күндері Алматы қаласында өтеді.
Мөлдір Ақылбекқызына сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз!

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.