
Мақсаты: адам өміріндегі жүректің рөлі, оның маңызы жөнінде түсінік беру.
28 қыркүйек күні Қазан жалпы орта білім беретін мектеп бойынша жүрек ауруының алдын алу және жүрек –ол қан айналымын реттейтін басты мүше, сондай – ақ жүрек бұлшықеттерді дамытып, жақсы жиырылуына көмектесетіні туралы оқушыларға арналған іс-шаралардың жоспары бекітіліп, жүргізілді.
Мектеп медбибісі Далабаева Гүлзапран «Жүрек» жайлы бастауыш сынып оқушыларына сынып сағатын өткізіп, орта және жоғарғы сынып оқушыларына жатжазу жазғызды.
Жүрек ауырмауы үшін және дұрыс жұмыс істеуі үшін оны шынықтыру қажет деген мақсатпен дене шынықтыру мұғалімі Ж.Қинаят «Толағай» спорттық отбасылар жарысын өткізді.
Салауатты өмір салтын қолдау және насихаттауға арналған іс-шаралар жоспар негізінде жалғасын табуда.