“Жұлдыз” жазғы сауықтыру лагерінде ұлттық киімдерге сурет көрмесі ұйымдастырылды

“Жұлдыз” жазғы сауықтыру лагерінде ұлттық киімдерге сурет көрмесі ұйыдастырылды. Мақсаты:  Оқушыларға Қазақ халқының қолөнері –ертеден-ақ дамып келе жатқан бай қазына. Қолөнердің басты бір саласы-киім тігу. Ұлттық киімдер ерте заманнан күні бүгінге дейін әрі әсем,әрі ыңғайлылығымен де пайдаланылып келеді. Қазақ киімнің ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халық тарихыңың , ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол –қазақ халқының ұлттық мәдениетінің бір үлкен саласы.
Қазақтың ұлттық киімдері негізінен мынандай түрге бөлінеді: іштік киімдер, сыртқы (өң) киімдер, сулық киімдер, ерлердің бас киімдері, әйелдердің бас киімдері, аяқ киімдер. Қазақ халқының ұлттық киімдері климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Біркиер киім қымбат матадан тігілген. Той-думандарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киім болған. Ұлттық киімдерге біз тақия, қалпақ, сәукеле, мәсі, саптама етік, кимешек, жейде, көйлек, камзол, шапан, ішік тағы сол сияқты киімдерді жатқызамыз Ішкі киімдер: көйлек, желет, кәзекей; сыртқы киімдер: шапан, күпі, кеудеше, тон; сулық киімдерге: шекпен, шапан, т.б. жатады. Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі: көйлек, кимешек, қамзол, тақия, сәукеле, кәзекей, кебіс, мәсі, т.б.

 

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.