
“Гүлдер” шағын орталығында көрісу күні. Көрісу күнін Наурыз мейрамның бастауы деп айтуға болады. Көрісу дәстүрінің тарихына үңілсек, ертеректе жапан далада қыс айларында мал баққан көпшенді халық бір-бірімен көрісе алмай, бір-бірін тек көктем Наурыз мейрамына қарай көре алған екен. Бір-біріне амандық-саулық, өкпе-ренішін кешіріп жатады. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды.