“Мектепке жол” жалпыреспубликалық акциясы

Балалардың мектепке барар жолын табуына көмектесейік!
Қазан жалпы орта білім беретін мектебі бойынша 2019 жылғы шілденің
1-мен – қыркүйектің 30-ы аралығында республикалық «Мектепке жол акциясы өткізілуде.
«Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясының мақсаты – оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылына дайындық кезінде ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Жақсы бол адам болсаң ел көргендей,
Халқыңа қысылғанда дем бергендей.
Пайдаңды жақсы болсаң тигіз көпке,
Баланың білім алуына жол бергендей
– Балалардың мектепке барар жолын табуына көмектесейік! деген ұранмен демеушілерге үндеу хаттар таратылып, рейд барысында анықталған 10 оқушыға көмек көрсетілді. Сонымен қатар ауыл әкімшілігі мен мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен 22 тамызда мектеп жәрмеңкесі өткізілді, жәрмеңкеге қатысушыларға ауыл тұрғындарынның атынан ризашылығымызды білдіреміз. Акцияға белсене қатысып, көмек көрсеткен ауыл әкімі Б.Бекқожин, ауыл депутаты Т.Сулейменов, ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Кулетов, мектеп әкімшілігі, ауыл әкімшілігі, мәдениет үйі, ЖШҚ «Теміржан», ЖШҚ «Шәкен», ЖШҚ «Ақтай» демеушілерімізге де отбасыларына бақыт, денсаулық, береке, еңбектеріне табыс тілейміз.

Қазан ОМ директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
Г.Қ.Теміржанова

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.