МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ШАҒЫН ОРТАЛЫҚТАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ЕРТЕҢГІЛІК

26 желтоқсан күні мектеп жанындағы шағын орталықта Жаңа Жылдық ертеңгілік болып өтті. Бұл ертеңгілікке Аяз Ата мен Ақшақар жəне ертегі кейіпкерлері келіп бүлдіршіндерді құттықтады. Ертегі кейіпкерлері мен Аяз Ата, Ақшақар алдында балақайлар тақпақтарын айтты. Жаңа Жыл мерекесі құрметіне əсем безендірілген шыршаны айналып балалар əн шырқап, би биледі. Мерекелік ертеңгілік аяқталар сəтте əр бүлдіршінге арналып мерекелік сыйлықтар таратылды.

 

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.