
22 қаңтар күні “Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы мектеп кітапханаларының трансформациясы” облыстық форумы өтті. Мақсаты: функционалдық сауаттылықты қалыптастыру саласында мектеп кітапханашылары мен гуманитарлық пәндер мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру. Бастауыш сынып мұғалімдерінің “Кітап -білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы” тақырыбында өткен секция жұмысында Қазан ОМ бастауыш сынып мұғалімі Амиза Айгүл “Білім алушылардың әдеби кітап оқуға құштарлық уәжін арттыру “тақырыбында тәжірибесімен бөлісті.