
Қазан жалпы орта білім беретін мектеп бойынша 5-11 қыркүйек аралығында «Отбасы-бақыт мекені» атты республикалық апта шеңберінде «Отбасы апталығы» жоспарланып жүргізілді. Соның негізінде өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі С.Байбакирова ата-аналармен «Отбасы-өмір тірегі» тақырыбында кездесу өткізді.
Мақсаты: отбасы-өмірдің тірегі, негізі екенін оқушылардың санасына ұялату.
Барысы: Отбасы тәрбиесі тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Бейнероликтың мәні мен маңызы талқыланып, ата-анамен, оқушылардың пікірі тыңдалды. Келесі кезекте отбасы, ата-ана туралы мақал-мәтелдер, ата-аналар өзара ұжымдаса отырып салған тірек сызбалар көпшілікке түсіндірілді. Отбасының маңызы мен бақыты неден тұрады деген жауап шаңырақ бойына жинақталды
.