«Риясыз қамқорлық – баға жетпес жақсылық» тақырыбындағы психологиялық тренингі

2017 жылғы 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы өткізілуде.
«Қамқорлық» акциясының мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауының алдын-алу.
Бұл міндеттің ойдағыдай шешімі табылуы үшін 20 қаңтар күні Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде 5-7 сынып оқушыларына «Қамқорлық» республикалық акциясы шеңберінде өткізілген
«Риясыз қамқорлық – баға жетпес жақсылық» тақырыбындағы психологиялық тренингін педагог – психолог Магнұрова М. А өткізді.
Тренинг барысында оқушылар тақырыптық видеороликтер көріп, жағдаяттарды талдады, сұрақтарға жауап беріп, шығармашылық жұмыс жасады.
Психологиялық тренинг оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрастырылып, өткізілді. Тренингке оқушылар қызығушылықпен қатысып, «Жылы жүрек» жаттығы кезінде тренингтен алған әсерлерімен бөлісті.

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.