«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының қалыптасуына 20 жыл» сынып сағаты

Мақсаты: қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі шараларды ұйымдастыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының қалыптасуына 20 жыл толуына орай 14 наурызда мектепішілік 10-11 сынып аралығында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тұлғалар мен лауазымдарға қарамастан, сыбайлас жемқорлықпен аяусыз күресу қажет, басқару корпусы сөзсіз тазаруы және жаңғыруы қажет» деген сөзі талқыға салынып, оқушылардың өзіндік пікірлері тыңдалды. Сынып сағаты өзара сұрақ-жауап арқылы жалғасын тапты.

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.