
25 мамыр – “Сыңғырла соңғы қоңырау” мерекесі Қазан жалпы орта білім беру мектебінің ашық алаңында өткізілді. Кең байтақ Отанымыздың білім ұясында күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, “Сыңғырла, соңғы қоңырау” салтанатты шараның шымылдығы еліміздің әнұранымен ашылды. Мектеп директоры Г. Сабирова оқушылармен ұстаздарды мерекелерімен құттықтап , мектеп бітіруші түлектерге ақ тілегін жеткізді.