
Мақсаты: қамқорлықты қажет ететін қарт адамдарға көмек көрсету.Мектебіміздің «Тимуршылар» волонтерлер тобы «Қамқорлық» акциясы негізінде қамқорлықты қажет ететін қарт адамдардың үйлеріне барып қыздар үйлерін жинап, ұл балалар аулаларын сыпырып көмек көрсетті. Тыл еңбеккері Темиржанова Күлзат апа , жалғызбасты ана Габбасова Нургуль апайдың үйлеріне барып көмек көрсетіп, алғыстарын алды.