Тимуршылар сөзбен емес, ісімен көрінеді!

Қазан жалпы  орта білім беретін  мектебінде  тимуршылар тобы  жұмыс істейді.  Жұмыс барысында тимуршылар қолқабысқа мұқтаж қарт адамдарға қажетті көмек көрсетіп отырады.Өз жұмыстарында балалар тек қана шаруашылыққа ғана қол ұшын беріп қоймайды.  Балалар тимуршылардың «Бөтен қайғы болмайды» ұранын бетке ұстайды. Біздің бұл командамыз өз жұмысын 5- сыныптан бастады, биылғы жылы команда құрамы толық жаңартылып, 9- сынып оқушылары орнын басты. Осы уақыт ішінде тимуршылар көп еңбек атқарып үлгерді.  Сонымен қоса көмек көрсетіліп отырды: мерекеге байланысты құттықтау, ардагерлермен кездесулер ұйымдастырылады.Осындай кездесулер оқушылар үшін орасан зор тәрбиелік мәні бар және олардың азамат болып қалыптасуына көмектеседі, өмірде өз орындарын табуына бағыт береді. Тимуршылар қозғалысы қазіргі уақытта өте қажет, себебі қарт адамдарға тек қана көмек  қажет емес, сонымен қоса жақсы қарым-қатынас, ескеру. Егер тимуршылар қажет болса, көмектесуге әрқашан дайын!

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.