
Қазан жалпы орта білім беретін мектеп бойынша 5-11 қыркүйек аралығында «Отбасы-бақыт мекені» атты республикалық апта шеңберінде «Отбасы апталығы» жоспарланып жүргізілді. Соның негізінде дене шынықтыру пәнінің жас маманы Ж.Қинаят отбасымен «Толағай» спорттық сайысын өткізді.
Сайысқа 4 отбасы қатысты:
1 – топ: «Шаңырақ», 2 – топ: «Босаға», 3 – топ: «Алтын бесік», 4-топ: «Достық».
Сайыстың бағдарламасы 9 кезеңнен тұрды: 1- кезең: «Теңбілдоп», 2 – кезең: «Қақпашы», 3 – кезең: «Тасымақ», 4 – кезең: «Жеміс жидек жинау», 5 – кезең: «Шығыршықпен бір – бірін тасымалдау», 6 – кезең: «Кім көп секіреді?», 7 – кезең: «Білімді кенгуру», 8 – кезең: «Эмоцияны немесе іс – әрекетті қайтала», 9 – кезең «Жеңіске жету».
Әр кезең алдында топтар ойынның мақсатымен таныстырылды, мысалдар көрсетілді. Әр кезең оқушылардың және ата-ананың ыңғайына сай ұйымдастырылып, өткізілді. Кезеңдер арасында көңіл-күйді көтеру мақсатында 7-8-сынып оқушылары би биледі. Іс-шара өткізілгенде, кезеңдерінің бірізділігі сақталды. Әр кезең әділқазы алқаларымен бағаланып, соңында «Достық» тобы – 1 орынға ие болды, «Алтын бесік»- 2 орын, «Шаңырақ» тобы – 3 орынға ие болды. «Босаға» тобы «Ең шымыр отбасы» номинациясымен марапатталды.