
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Темірғалиева Тілдер айлығы барысында жоспарға аясында «Тілге құрмет-елге құрмет» мәнерлеп оқу сайсын өткізді. Сайыстың мақсаты мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге үлес қосу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, Мемлекеттік тілді қадірлей білуге , өз Отанының адал азаматы болып өсуге тәрбиелеу болды. Сайыс өткізілген зал Отан, Тіл, туған жер туралы ұлағатты сөздермен, шарлармен безендірілді. 9-шы сынып оқушылары сайысты өткізуге мұғалімге көмек берді. Сайысқа барлық сыныптар белсене қатысты. Әсіресе, 5-ші, 6-ші сынып оқушылары алдыңғы қатардан көрінді. Әділ – қазылар әділ шешім шығарды. Жеңімпаздар сыйлықтарға ие болды.
Барысы: Сайыс үш бөлімнен тұрды. Әр бөлім бағаланып, сайыс жеңімпаздары марапатталды.