«Тәуелсіз елдің –ұландарымыз!»

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігі қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.«Қазақстан! Нұрсұлтан! Жас ұлан!» деп ұрандаған, жүрегінде жалыны бар белсенді оқушылар «Жас Ұландар» мен «Жас Қырандар» құрамына мүшелікке қабылданды. «Жас Ұлан» ұйымының мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.«Жас Ұлан» ұйымының міндеттері Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту болып табылады. «Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымына қабылданушыларға төсбелгісі және галстуктерді табыстау рәсімін мектеп директоры Сабирова Гульнар Жумагалиевна және мектеп ұстаздары тақты. Тәуелсіз еліміздің білімді азаматтары болып, ұрпақтарымыз қырандай күшті, ұлтжанды, әрқашанда биік шыңдардан көрінсін. Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін!

 

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.