«Шаңырақ» қауымдастығы

Мектебімізде «Рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында «Шаңырақ» қауымдастық жобасын іске асыру барысында сыныптар арасында бес топ құрылды. Мақсаты: оқушылар қауымдастығын ауызбіршілікке, біртұтастыққа, қамқорлық қарым-қатынасқа бейімдеу. Әр топ өздерінің атауын, эмблемасын, ұранымен таныстырды.1-9 сыныптар «Жау жүрек» тобы, мақсаты:Үлкенге құрмет танытып, өзгелердің өз ортасында бейімделуіне қол ұшын созуға, кез-келген мәселенің шешімін табуға, креативті ойлап, бойындағы көшбасшылық қабілеттерді дамыту.3-8 сыныптар «Алаш» тобы.
Мақсаты: оқушылардың бойындағы көшбасшылық қабілеттерді сыныбында, жалпы мектепішілік іс-шараларда таныта отырып, ұйымдастырушылық және коммуникативтік білігін дамыту және қалыптастыру.5-6 сыныптар «Алтын Орда» тобы, мақсаты: Оқушылар қауымдастығының мақсаты – бірыңғай топтар құру арқылы оқушыларды ауызбірлікке, бір тұтастыққа бейімдеу, жоғары сынып пен төменгі сынып оқушылары арасында бауырмалдық, қамқорлық қарым-қатынас қалыптастыру.2-10 сыныптар «Достық» тобы,
мақсаты: Оқушылар қауымдастығының мақсаты – бірыңғай топтар құру арқылы оқушыларды ауызбірлікке, бір тұтастыққа бейімдеу, жоғары сынып пен төменгі сынып оқушылары арасында бауырмалдық, қамқорлық қарым-қатынас қалыптастыру.4-7 сыныптар «Қыран» тобы, мақсаты: үлкенге құрмет танытып, өзгелердің өз ортасында бейімделуіне қол ұшын созуға, кез-келген мәселенің шешімін табуға, креативті ойлап, бойындағы көшбасшылық қабілеттерді сыныбында, жалпы мектепішілік іс-шараларда таныта отырып, ұйымдастырушылық және коммуникативтік білігін дамыту және қалыптастыру.

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.