
Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде «Өмірге Ия деп айт» республикалық ақпараттық науқаны аясында 5-8 сыныптар арасында «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» дәріс сабағы өткізілді. Мақсаты: оқушының денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғау, ғаламторды тиімді пайдалану ережелерімен таныстыру.
Дәріс барысында ғаламтор және оның шығу тарихы жайлы ақпараттар беріліп, компьютер және ғаламторды пайдалану ережелерімен таныстырылды. Карточка бойынша балалар екі топқа бөлініп, «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» тақырыбында бірінші топ венн диаграммасы арқылы, екінші топ сызба арқылы таныстырды. Дәріс барысында ақпараттық бейнеролик көрсетіліп, өмірдің мәні туралы практикалық жұмыс көрсетілді. Дәріс соңында оқушыларға ақпараттық парақшалар таратылып, «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» жайлы ойларын, пікірлерін айтып, сабақты қорытындылады.