Қамқоршылық кеңесінің мүшесіне сайлау

Қамқоршылық кеңесі Қазақстан Республикасының заңнамасын, Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бекітілген 2017 жылғы 27  шілдедегі № 355 бұйрығын, сонымен қатар мектеп жарғысын негізге алады.

  1. Қамқоршылық кеңесі – білім беру мекемесін басқарудың қоғамдық әдісі. Бұл мемлекеттік емес, үкіметтік емес, қоғамдық, бейкоммерциялық, білім берудің және нақты білім беру мекемесінің дамуына мүдделілерді өз еркі негізінде біріктіретін ұйым. 
  2. Қамқоршылық кеңестің құрамы

– жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

– жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестіктердің өкілдері;

– ата-аналар комитеті ұсынған білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері;

– қайырымдылық жасаушылар (бар болса).

  1. Қамқоршылық кеңесінің міндеттері

3.1 Жалпы білім беру ұйымының жұмысының  айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.

3.2 Жалпы білім беру ұйымының материалдық- техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көркейту.

3.3 Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.

3.4 Мектеп органдарының  жұртшылықпен тиімді қарым –қатынасы үшін жағдай жасау.

3.5 Мектептің   білім берушілік,қаржылық, кадрлық әлеуетін күшейту.

3.6 ҚМ берілген қаражаттай және заттай бюджеттік қаржыны  тиімді және анық пайдалану үшін механизм құру.

3.7 Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру.

3.8 Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Ұсыныстарды қабылдау орны: “Қазан жалпы орта білім беру мектебі”КММ

Ұсыныстарды қабылдау мерзімі 2022 жылдың 1 ақпанынан 12 ақпанына дейін.

Байланыс телефоны: 99-2-35

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.