«Ұлттық ойын – асық» сайыс

Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – асық ойыны. Бұл ойын ертеден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыздың қолданысында келе жатқан көне ойын түрі. Ерте кезде әр қазақтың балалары мен жастарының бас қосуының негізінде асық ойыны ойнатылатын. Асық ойыны баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелеген.Осы мақсатта оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруда асық ойыны өткізілді. Онйынның қорытындысында асықтың түрлері, ойынның ережесімен жете танысты.

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.