
Ұстаз аты шәкіртімен бағалы,
Егер ұстаз болса шебер, саналы.
Білім нәрін тегін әркез ерінбей,
Еңбек етсе ізденумен сапалы.
Ұстаз жолы қиын да, абыройлы жол. Білім беру үдерісінде ұстаз басты әрі шешуші тұлға болып саналады. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп, ойшыл даналар айтқандай, мектептің тәлім-тәрбиесін, өз бойындағы білімін оқушылар бойына сіңіре білген ұстаз.
Қазақ елінің болашағы – бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, адам бойындағы адамдық қасиеттерді, шәкірт тәрбиелеуге жұмсайтын ұстаз – Кисамиденова Назигүл Қасқырбайқызы.
28 жыл Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің директоры болып қызмет етіп, өз ұжымына және келешек ұрпаққа үлгілі тәлім-тәрбие берген, ардагер ұстазымыздың бірі.
Іскерлік жұмыс, тәлімгерлік тәжірибесімен бөлісе отырып, ұстаздық шеберліктерін үлгі еткен. Ұстаз ұлағатты әр оқушының жүрегінде сақталып, шәкірт көңілінде ерекше құрметті адам болып қала бермек.
Ұстазымның тәрбиесін алған шәкірті болғанына мақтан етемін.