
Мұғалім-ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орныңды,
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың.
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойыңа құйдың ақыл, ой мен сана.
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға.
Ұстаз- шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
Осындай қасиеттерге ие, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, дана ойдың ыстық лебі бар, аға ұрпақ өкілі Омаров Балғабек Сатыбалдыұлы.
Балғабек Сатыбалдыұлы Омаров Қазан орта мектебінде тыным таппай 23 жыл оқушыларды химия-биология пәнінің қыр, сырымен сусындатты.
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған Балғабек Сатыбалдыұлының еңбегінің жемісі, оқушылары: Жангожина Динара ПМПИ (химия-биология мұғалімі), Альпаева Индира Семей қаласы медициналық академиясы (педиатр), Баймукашева Назира Астана қаласы мед. академ. (терапевт), Михайленко Надежда ПМПИ – эколог, Нажмиденова Аяулым Семей қаласы медициналық академия түлегі және т.б көптеген түлектер химия-биология пәнінің мұғалімдері.
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған, қысы-жазы мектептен шықпаған Ұстаз – Омаров Балғабек Сатыбалдыұлын ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Шәкірттерінің алдында алыптай биік, балаларға берген білімінен бақыт тауып, еңбегінің жемісін көре беріңіз.