100 кітап жобасы

100 кітап жобасы аясында оқушылардың күзгі демалысында мектеп оқушылары жобамен таныстырылды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Адам баласының бүкіл ғұмырындағы ең сенімді және ең сабырлы серігі – кітап, – деп атап өткен болатын. Жобаның мақсаты – оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу. Бүгінгі таңда аталған тізімде 60 қазақ әдебиетінің, 40 әлем әдебиетінің классикасы, оның ішінде 20 – ағылшын, 20 – орыс әдебиеті қамтылған. Өскелең ұрпаққа қазақ әдебиетінің және әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармалар таныстырылды. Ертегілердің халық ауыз әдебиетіндегі рухани маңыздылығы жас жеткіншектерге түсіндірілді.

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.