Monthly Archives: Қыркүйек 2019

Еңбек күніне арналған мерекелік құттықтау

30.09.2019

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде еңбек күніне орай мектептің жұмыскерлерін құттықтады. Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі еңбек күні болып жарияланғаны белгілі. Мектебімізде бұл күнге арналған мерекелік іс-шаралар өтіп, мектеп директоры Г.Сабирова қызметкерлерді құттықтап, марапаттады

«Жас Ұлан» әскери спорттық ойын

26.09.2019

Ұлы Отан соғысы жеңісінің 75жылдығына арналған облыстық «ЖасҰлан»әскери спорттық ойында «Әскерленген кросс» сайысында Май ауданы Қазан орта мектебінің 10-сынып оқушысы Нұрым Ғалымжан 2-ші орынға иеленгені үшін мақтау қағазымен марапатталды.

«Mega DANSE» би байқауы

25.09.2019

25-қыркүйек күні аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Mega DANSE» би байқауы өтті. 7-8 сынып оқушылары қатысып, «Ең мейірімді би» номинациясына ие болды.

 

«Бағалау тапсырмаларын әзірлеу» семинары

20.09.2019

Мектебімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау құралдарын әзірлеу бойынша жұмысты нығайту мақсатында 20 қыркүйек күні «Бағалау тапсырмаларын әзірлеу» тақырыбында мектеп директорының оқу ісі орынбасары семинар өткізді.
Міндеттері:
• критериалды бағалау құралдарын әзірлеудің негізгі тәсілдерін зерделеу;
• критериалды бағалау үдерісінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипатын ашып көрсету;
• бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеуді және оларға дескрипторларды құрастыруды үйрету;
• тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеуді және балл қою кестесін құрастыруды үйрету;
семинар барысында мұғалімер әдістемелік бірлестіктер бойынша топқа бөлініп, бағалау критерийін құнрастыруды, жиынтық бағалау құру кезіндегі тапсырма түрлерімен, алгоритмімен танысты, практикада жасап көрді.

Электр жүйесіндегі қауіпсіздік туралы нұсқаулық

13.09.2019

2019 жылдың 13 қыркүйек күні Жұмыскер ауылының электр қызметкерлері мектеп оқушыларына электр қауіпсіздігі жөнінде арнайы нұсқаулықпен таныстырды.

«Болашаққа бағдар» рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына (идеясына) арналған жалпықазақстандық ашық диктант

10.09.2019

Қазақстан республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы №271 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс шаралар жоспарының 40-тармағын орындау мақсатында КХА «Мың бала» республикалық мәдени- ағарту жобасы аясында латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін қолдану арқылы жалпықазасқатандық ашық диктант ұйымдастырылды. Ашық диктант 2019 жылғы 10 қыркүйекте сағат 11.00- де синхронды түрде басталып өткізілді. Диктант тақырыбы «2019jyl-Jastar jyly».

Тілдер айлығы

09.09.2019

2019 жылғы 2-30 қыркүйек аралығында «Тілдер айлығы» өткізілуде. Жалпы айлық шеңберінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған мектептің кітапханасында көрме, «Тілдің үштұғырлығы» тақырыбында кеш, «Мың бала» жобасы негізінде фильмдер көрсетілді.

Денсаулық апталығы

06.09.2019

Қазақстан Республикасының 2016-2019 ж.ж. арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және тұрғындар, оның ішінде балаларды инфекциялық, инфекциялық емес мәселелер бойынша, астан улану ошақтарына жол бермеу, жаппай инфекциялық аурулар мәселелері бойынша ақпараттандырылуын арттыру, балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2 қыркүйек және 6 қыркүйек аралығында «Денсаулық апталығы» өткізілді. Апталық жұмысы апта бойына жоспарланып, қорытындысында оқушылар мен мұғалімдер табиғат аясына топсаяхатқа шықты.

Қазақстан Республикасының Туын көтеру рәсімі

01.09.2019

Қазан орта мектебінде 1-қыркүйек күні Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туы көтерілді.
Мемлекеттік туды көтеру рәсімі алғашқы әскери пәнінің мұғалімі Хасенов Сержан Сансызбайұлының ұйымдастыруымен мектебіміздің 11 сынып оқушылары Назымбек Нұрхат және Амангелді Аманбек Мемлекеттік туды көтерді. Қорытындысында Мемлекеттік Әнұран орындалды.

Адалдық сағаты

01.09.2019

2019 жылғы 1 қыркүйек күні «1-қыркүйек-Білім күні» мерекесіне орай бірыңғай «Адалдық сағаты» ұйымдастырылды. «Адалдық сағатында» арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетіле отырып, өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтары, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарлары, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктері кеңінен түсіндірілді.

1 қырқүйек- білім күніне арналған “Саналы ұрпақ-жарқын болашақ” мерекесі

01.09.2019

2019 жылғы 1 қыркүйек «Білім күніне» арналған «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» мерекесі және азаматтық патриоттық сабағы өткізілді.
1-қыркүйек өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру болып табылады.
Білім күні мерекесі –патриоттық және идеологиялық маңызы бар, жаңа оқу жылындағы бірінші тәрбиелік іс-шара. Мерекелік іс шараға оқушылар мен ата-аналар, ауыл әкімі Б.Бекқожин, Май ауданы маслихатының депутаты Т.Сулейменов, мектебіміздің ардагер ұстазы, еңбек орденінің иегері Н.Қ.Кисамиденова қатысты.