Monthly Archives: Желтоқсан 2019

“Гүлдер” шағын орталығыында “Жасыл шырша”жанында ертеңгілігі өтті

30.12.2019

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым, құтқа орансын кең байтақ дархан елім. Қазақтың пейіліне тарту етсін, табиғат ашық аспан, таң шапағын ! Кішкентай бүлдіршіндер үшін бұл үлкен тосын сый, армандары орындалатын күн. Ертеңгіліміз өте қызықты өтті. Сиқыршының сиқырымен, Маша мен Аюдың ормандағы адасуымен, Аққала мен Спанч Бобтың балаларға шашуымен және Аяз Атаның сыйлығымен жалғастырылды. Балаларымыз ән айтып, би биледі, өлеңдерін айтып ата-аналар тарапынан көрсетілген тартулар тарту етілді. Жаңа жыл жаңа бақыт, әр отбасында бала күлкісін айырмасын.

 

Аяз-ата шеберханасы

24.12.2019

Аяз-ата шеберханасы “жаңа жыл 2019” мерекесіне орай шыршаны безендіру мақсатында ұйымдастырылды

«Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің,ертеңгі ырысың» атты мерекелік іс -шара

14.12.2019

Жас ұрпаққа Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жеткен кезеңдерін көрсету, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту мақсатында желтоқсан айының 12-і күні Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» атты мерекелік іс – шара өткізілді.
Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара мектеп директоры Г.Ж.Сабированың құттықтау сөзімен басталып, бастауыш сынып оқушыларының әдеби монтажымен жалғасты. Сонымен қатар, оқушылар би билеп, ән айтты. Қайрат Рысқұлбековтың желтоқсан оқиғасы кезіндегі тұтқыны туралы көрініс көрсетіліп,16-желтоқсанда болған оқиға туралы оқушыларға танымдық-таныстыру видеослайды көрсетілді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын! Еліміздің көк аспанында әрдайым бейбітшілік күні жарқырасын!

 

Тулкина Гульжанат Ертаевна- құрмет грамотасымен құттықтаймыз!

13.12.2019

Тәуелсіз Қазақстанның Рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін “Гүлдер” шағын орталық мекемесінің әдіскері-Тулкина  Гульжанат  Ертаевнаны құрмет грамотасымен құттықтаймыз! Зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасылық амандық тілейміз! 

Код сағаты-2019

10.12.2019

“Компьютер Ғылымдарының апталығы ” шеңберінде “Қазақстанда код сағаты” акциясы өтуде. Осыған байланысты Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде  5-8 сыныптар арасында “Код сағаты-2019” өтті. Барлық оқушылар компьютерлік бағдарламаны меңгеріп, өздерін программист ретінде сезінді.