Monthly Archives: Қаңтар 2020

«Логикалық операцияны тексеру» тесті

30.01.2020

Мектеп психологы А.Торгаевның жоспары негізінде 6 –сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін тексеруге бағытталған «Логикалық операцияны тексеру» тесті өткізілді. Нәтижесінде оқушылармен қосымша логикалқ жұмыстар жоспарланды. 

«СНЮС-қа жол жоқ!» акциясы шеңберінде «Өз өміріңді бұзба» тақырыбында дөңгелек үстел

29.01.2020

2020-2025 ҚР мемлекеттік денсаулықты сақтау бағдарламасы шеңберінде «Снюс-қа жол жоқ!» акциясы өткізілді. Акция негізінде аға тәлімгер Г.Серикбаева 8-11 сыныптардың қатысуымен «Өз өміріңді бұзба» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. 

«Батыр баян-310 жыл» арналған шаңғы жарысы

28.01.2020

«Батыр Баян-310 жыл» арналған 8-11 сынып арасында шаңғы жарысы өткізілді. Шаңғы жарысына белсенді қатысқан 8 – сынып оқушылары жүлделі орындармен марапатталды. 

«Абай- дана, Абай-дара» кітаптар көрмеcі

27.01.2020

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің 8-10 сыныптары ауылдық мәдениет үйінде ұйымдастырылған «Абай-дана, Абай-дара» тақырыбындағы көрмеге қатысты. ОқушыларҰлы Абайдың даналығы мен даралығына өз пікірлерін білдірді. Қорытындысында көрмеге қатысқан оқушылар Абай шығармашылығымен таныса отырып, поэмалары мен қара сөздерін оқуға алды.

 

«Қазақстан – қайырымдылық мекені» акциясы

24.01.2020

Мақсаты – қоғамға риясыз қызмет етуді насихаттауға және идеяны таратуға қоғамның назарын аудару, айналасындағы көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық істер және табиғатқа қамқорлық жасауға балаларды уәждейтін іс-шараларды ұйымдастыру. Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде 20 қаңтардан бастап «Қазақстан-қайырымдылық мекені» акциясы шеңберінде мектепте жәрмеңке ұйымдастырдуда. Жиналған қаражат жетім қалған балаларға көмек көрсетуге жұмсалады.

«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» еріктілер тобының қайырымдылық шарасы

23.01.2020

Еріктілер жылы аясында «Оқушылардың қарлы десанты» акциясы күш алуда. Мектебіміздің «Тимуршылар» волонтерлер тобы 22 оқушы көмекке мұқтаж жалғызбасты үлкен адамдардың үйіне барып, қарын тазалауға қолғабыс жасады.

«Адалдық сағаты» республикалық акциясы

17.01.2020

Қазан жалпы орта білім беретін мектебі бойынша 17 қаңтар 2020 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР-ның Білім және Ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен мектепте «Адалдық сағаты» өткізілді. Аға тәлімгер Г.Серикбаева «Құрылысшы ақсақал» видеоролигінде көрсетілген адал еңбек етуді мақсат ете отырып, оқушылардың пікірлерімен бөлісті. Қорытындысында оқушылар өз пікірлерін постерге толтырды.