Daily Archives: 18.11.2020

“Бауыржан Момышұлы -ел батыры” сынып сағаты

18.11.2020

Аты аңызға айналған батыр, командир, көптеген марапаттардың иегері, жазушы Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толды. Батылдық, адалдық және табандылық қасиеттерге ие Бауыржан Момышұлы халық қаһарманы. Оның тұлғасынан жоғарғы патриоттық рух, шешім қабылдаудағы сенімділік, тәртіп, даналық пен парасаттылық қасиеттері де табылады. Оқушылар полк командирінің батырлық әрекеттері мен өмірлік қағидаларын еске түсірді. Бауыржан Момышұлының мұрасы ерлік пен тәртіпке, патриотизмге толы, өмірлік жолы ар-намыс, әділдік және адамгершілік қағидаларына негізделген.