Monthly Archives: Желтоқсан 2020

Жаңа 2021 жыл құтты болсын!

28.12.2020

Жаңа жыл, жаңа күн, ардақты,  Жаңа жыл, салиқалы, салмақты. Қазағымның айқара ашып есігін, жақсылықпен жаңалығын жалғапты. Келе жатқан 2021 жыл Сиыр жылы баршаңызға денсаулық, мол бақыт, шаттық әкелсін деген тілектермен 1- сынып оқушыларының құттықтаулары.

Құтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!

14.12.2020

Мықты болсын еліміздің керегесі.

Жүректе намыс оты лапылдаған, күш-жігері жастардың сарқылмаған.

Әлі де шығар алаңға Отан үшін қарсы аққан өзеннен өтетіндер.

Жүректе намыс оты сөнбейді кезінде ызғарына аяздың төзгендей-ақ түсінеміз, ұғамыз бұл күннің оңайлықпен келмегеннін.

Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!

Қазақтың ұлы ақыны -Абай Құнанбаев

11.12.2020

Ұлы дала халқының данышпаны -қазақтың ұлы ақыны және жазушысы Абай Кұнанбаев. Биыл біз, осы ұлы тұлғаның 175 жылдығын атап өтеміз. Абан Құнанбаев көрнекті философ, композитор және аудармашы. Оның философиялық ойлары әлі күнге дейін ақылдың рухани азығы болып табылады. Абай Құнанбаев 170-ке жуық өлең, 56 аударма, поэмалар соның ішінде қара сөздерін жазды.

“Мәңгілік Ел” сынып сағаты

09.12.2020

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 9-сынып оқушыларының арасында “Мәңгілік Ел” сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушыларға тәуелсіздік туралы білімдерін кеңейту, патриоттық сезімін оятып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

“Менің Туым” облыстық жоба

03.12.2020

“Менің Туым” облыстық жобасы аясында “Отан Туым” акциясының жүзеге асырылуы 2-сынып оқушылары белсенді қатысуда. Мақсаты: оқушыларының өз еліне, өз жеріне, Тууына деген патриоттық сезімін ояту.