Monthly Archives: Қаңтар 2021

Облыстық форум

22.01.2021

22 қаңтар күні “Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы мектеп кітапханаларының трансформациясы” облыстық форумы өтті. Мақсаты: функционалдық сауаттылықты қалыптастыру саласында мектеп кітапханашылары мен гуманитарлық пәндер мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру. Бастауыш сынып мұғалімдерінің “Кітап -білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы” тақырыбында өткен секция жұмысында Қазан ОМ бастауыш сынып мұғалімі Амиза Айгүл “Білім алушылардың әдеби кітап оқуға құштарлық уәжін арттыру “тақырыбында тәжірибесімен бөлісті.

“Менің тату отбасым” облыстық балалар суреттер конкурсы

18.01.2021

“Менің тату отбасым” облыстық балалар суреттер конкурсының қатысушылары 2-сынып оқушылары: Серікбай Санжар, Далелхан Азамат, Кабиева Айым, 1-сынып оқушылары: Қазболат Асанали, Кисабаев Раим, Мейрамбек Дінмұхамед белсенділік танытып, шығармашылық қабілеттерімен бөлісті.