Monthly Archives: Наурыз 2021

Қазақстан балалары-көктем шақырады!

30.03.2021

“Қазақстан балалары-көктем шақырады!” көктемгі демалыс кезінде оқушылардың сапалы және қауіпсіз демалысын ұйымдастыру 20 наурыз күні Павлодар қаласында “Тәуелсіздікке-30 жыл” тойлау қарсаңында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мектеп оқушылары “Batyr mall” сауда орталығында коньки тебу, мәнерлеп сырғанау бойынша өзара жарысқа түсті.

Қорытынды аттестаттауға дайындық

26.03.2021

Көктемгі демалыс кезінде 11-сынып оқушыларымен қорытынды аттестаттауға, ҰБТ-ге дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан балалары-көктем шақырады!

23.03.2021

“Қазақстан балалары-көктем шақырады!” көктемгі демалыс кезінде оқушылардың сапалы және қауіпсіз демалысын ұйымдастыру мақсатында  “Оқуға құштар мектеп ” жобасы аясында мектеп оқушылар С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханаға саяхат жасап қайтты.

Тарихқа тағзым күні

18.03.2021

Тәрбие жұмысының жоспары негізінде 17 наурыз-Тарих күні. Ұлттық құндылықтарды дарыту, ұлттық рухта тәрбиелеу, туған өлкенің тарихы туралы түсініктерін кеңейту. Отан тарихын терең тану арқылы өз еліне және жеріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында 2-сынып оқушылары Қажымұқан Мұнайтпасовтың “Қажымұқан” мультфильмі көрсетілді.

НАУРЫЗ құтты болсын!

17.03.2021

 

VID-20210318-WA0009

ҰБТ-ді компьютерлік форматта

17.03.2021

Мектеп директорының оқу ісінің орынбасары С. Жақсымбетова 11-сынып ата-аналарымен және мектеп бітірушілермен ҰБТ-2021 жылғы ерекшеліктермен таныстырып өтті. Наурыз айында бірінші рет 11-сынып оқушылары ҰБТ-ді компьютерлік форматта тапсырады.

Ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды

16.03.2021

2021 жылдың наурыз айынан бастап санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды.

“Тұралықты тұғыр еткен Төле би” онлайн-бейнедәріс

16.03.2021

Адалдық сағаты-Тәрбие жұмысының жоспары негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің “Тұралықты тұғыр еткен Төле би” онлайн-бейнедәріс барысында оқушылар Төле бидің осынша тарихи биік тұлға дәрежесіне жетуіне себеп болған тұлғалық қасиеттерімен таныстырылды.

Көрісу күні құтты болсын!

15.03.2021

“Гүлдер” шағын орталығында көрісу күні. Көрісу күнін Наурыз мейрамның бастауы деп айтуға болады. Көрісу дәстүрінің тарихына үңілсек, ертеректе жапан далада қыс айларында мал баққан көпшенді халық бір-бірімен көрісе алмай, бір-бірін тек көктем Наурыз мейрамына қарай көре алған екен. Бір-біріне амандық-саулық, өкпе-ренішін кешіріп жатады. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды.

1-сыныпқа қабылдау алгоритмі

01.03.2021

1.www.egov. kz электрондық үкімет сайтына өтіңіз

2.Порталда тіркелу.

3.”Білім беру” -“орта білім беру”-“білім беру” ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы) бөліміне өту.

4.”Қызметке онлайн тапсырыс беруді” таңдаңыз.

5.Қажетті мәліметтерді толтырыңыз.

6.Сканерленген құжаттарды тіркеңіз.

7.ЭЦК-мен растаңыз.

Интернет арқылы өтініш бере алмайтын ата-аналар үшін мектепте  компьютер және сканермен жабдықталған қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған.