Monthly Archives: Сәуір 2021

1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні!

30.04.2021

1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың дүниежүзілік үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылық – Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Осынау атаулы мереке күніне орай 2-сынып жетекшісі М.Оразбаеваның ұйымдастырумен “1 – мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні” тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: оқушыларды ынтымаққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға көп ұлтты халқымыздың тыныштығын мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

Халық қаһарманы

29.04.2021

150-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлік іс журналына сәйкес 1945 жылы сәуірдің 30-ында сағат 15:00 шамасында Рейхстагқа бірінші болып қазақ офицері Рақымжан Қошқарбаев пен жауынгер Григорий Булатов Жеңіс туын тікті. Тарихи ерлігін батырмыз небәрі 21 жасында жасаған. Ержүрек батырға еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін” Халық қаһарманы” атағы берілді.

Кіші Сәтбаев олимпиадасы

20.04.2021

Май ауданы мен Аксу қаласының дарынды баларға арналған мамандандырылған гимназиясы өткізген  Кіші  Сәтбаев олимпиадасында математикалық бағыт бойынша 7-сынып оқушысы Озеруга Сергей 2-орынға, Қазболат Мерей жаратылыстану бағыты бойынша 3-орынға ие болды! Құттықтаймыз!

IQanat олимпиадасы

19.04.2021

Республикалық  IQanat олимпиадасының 3- кезеңіне математикалық бағыт бойынша өткен 9-сынып оқушысы Мухаметжан Айымды құттықтап, мамыр айында Алматы облысындағы Балдаурен орталығында өтетін 3- кезеңнен сүренбей өтуіне тілектеспіз!

“Ғарыш бала көзімен”мүсіндер жасау

12.04.2021

12- сәуір -Ғарышкерлер күніне орай  “Ғарыш бала көзімен” атты бастауыш сынып оқушылары Берикбаева  Айару және Мейрамбек Дінмұхамед ермексаздан ғаламшар туралы мүсіндер жасады.

“Педагогикалық шеберлік-2021” облыстық конкурс

02.04.2021

“Педагогикалық шеберлік-2021” облыстық конкурсында шағын орталық тәрбиешісі Тулкина Гульжанат Ертаевна “Ұлттық бағыттағы үстел- үсті ойындары” жобасымен қатысып, жүлделі 2-орынға иеленді. Педагог-зерттеуші санатты Гульжанат Ертаевна тәрбиеленушілерді ұлттық ойындар арқылы өй-өрістерін дамытып, ұлтжанды, білімді ұрпақ тәрбиелеп шығаруда. Құттықтаймыз!