Monthly Archives: Мамыр 2021

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

25.05.2021

25 мамыр – “Сыңғырла соңғы қоңырау” мерекесі  Қазан жалпы орта білім беру мектебінің ашық алаңында өткізілді. Кең байтақ Отанымыздың білім ұясында күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, “Сыңғырла, соңғы қоңырау” салтанатты шараның шымылдығы еліміздің әнұранымен ашылды. Мектеп директоры Г. Сабирова оқушылармен ұстаздарды мерекелерімен құттықтап , мектеп бітіруші түлектерге ақ тілегін жеткізді.

Сиқырлы қалам

21.05.2021

Мектепалды даярлық сыныбына сиқырлы қаламмен көптеген мәліметтер алуға болатыны туралы айтылды. Мектеп кітапханашы А . Темиргалиева.

 

 

Сенім кабинеті

20.05.2021

Мектебімізді тұрмыстық зорлық-зомбылық және құқық бұзушылық алдын – алу профилактикасы жұмыс жоспары негізінде Сенім кабинеті жұмыс жасауда. Бұл кабинетте мектеп психологы А. Кайдарова мен оның медиаторлары МТІЖО Г.К. Темиржанова , учаскелік полиция инспекторы А.Н. Жунусов, мектеп медбибісі А. Тасболатова, әлеуметтік педагог Г. Серикбаева зорлық және балалар  бойынша келіп түскен мәселелерді талқылады.

“Жол қозғалыс жас инспекторлары” акциясы

17.05.2021

Мектебімізде “Жол қозғалыс жас инспекторлары” акциясы өткізілді. Мақсаты: оқушыларға жас жол қозғалысы қауіпсіздігінің сақталуын  насихаттау. Оқушылардың танымдық көзқарасын , зейінің тұрақтылығын дамыту. Мектеп жол қозғалыс инспекторлары оқушыларға жол ережесіне байланысты жұмбақтар жасырып, жол белгілері туралы түсінік берумен, түрлі ойындармен жол ережесін есте сақтауға, жол ережесі қауіпсіздігінің қамтамасыз ету мақсатында тәрбие жұмысының жоспары негізінде “Жол қозғалысы ережелері”  атты  іс -шара ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 76 жыл

13.05.2021

1922 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Майданда алдымен хатшы, содан кейін медбике болып жұмыс істеді, содан кейін арнайы пулеметшілер курстарына жіберді. Курстардан кейін Мәншүк пулемет есебінің командирі болып тағайындалды.15 қазан 1943жылы шайқаста Невель қаласын босату үшін күресте жаралы бола тұра 70 фашистің көзін жойды.

 

 

“Жас патриоттар” тақырыбында қол өнер бұйымдарының көрмесі

11.05.2021

Тәрбие жұмысының жоспары негізінде 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған “Ерлік пен ержүректің” мерекесі тақырыбында 1-сынып оқушылары Нургалиев Али, Мейрамбек Дінмұхамед мереке қарсаңында “Жас патриоттар” тақырыбында қол өнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

“Жас патриоттар” қол өнер бұйымдарының көрмесі

11.05.2021

Тәрбие жұмысының жоспары негізінде 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған “Ерлік пен ержүректің” мерекесі тақырыбында 1-сынып оқушысы Қазболат Асанәлі мереке қарсаңында “Жас патриоттар” тақырыбында қол өнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

9- Мымыр Ұлы Жеңіс күні!

08.05.2021

9- Мамыр Ұлы Жеңіс күні!

08.05.2021

 

“Гүлдер”  шағын орталық ұжымының “Катюша”, “Журавли”, “Тәуелсіз Қазақтың  қызымын” ән шашулары.

 

“7 мамыр- Отан қорғаушылар күні” сынып сағаты

06.05.2021

Мектебіміздің тәрбие жұмысының жоспары негізінде 7 мамыр Отан қорғаушылар  күніне және Ұлы Жеңістің 76 жылдық мерейтойына  орай бастауыш сыныптар  арасында “7 мамыр -Отан қорғаушылар күні” тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды.