Author Archives: admin1

Кайырымды іс

05.01.2022

Қайырымды іс жасау, балаға қуаныш сыйлауда Қазан жалпы орта білім беру мектебінің ұжымы мен қамқоршылық кеңесі: Ахметова Г.К., Сулейменов Т.Қ., Ахметов С.Қ., Нурмуханбетова Ж. Ж., Кулетов М.Қ., Оразаева Б.А., Жумабеков Н.М., Омарова К.С. және ауылымыздың электр станциясының қызметкерлері, амбулатория медбибілері, ауыл азаматы Нажмиденов Ерлік Б. Павлодар облыстық “Сәбилер үйі” және Павлодар облыстық “Балаларды қолдау орталығы” балаларына жаңа жылдық қөңіл күй және тәтті жаңа жылдық сыйлық сыйлады. Қайырымды істер жасап, балаларға қуаныш сыйлап жүрген азаматтарға дендеріне саулық, отбасыларына бақыт, бастарына амандық тілейміз.

Мектепішілік пән олимпиадасы

03.12.2021

Қазан жалпы орта білім беру мектебінің мектепішілік пән олимпиадасынының қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау. Пән олимпиадасына 2-11 сыныптар қатысты. Жүлделі орындарға ие болған оқушыларды құттықтаймыз!Аудандық кезеңге өткен оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

“Елбасы-елімнің ертеңі” атты әдеби монтаж

30.11.2021

Қыстың алғашқы күні, яғни 1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күні. Күнтізбеге қызыл белгімен енетін бұл күннің еліміз үшін орны ерекше. Бүгінде әлем мойындаған тәуелсіз еліміздің уығын қадап, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Тұнғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында, мемлекет алдында еңбегі орасан зор  екенін оқушыларға түсіндіріліп, әңгімелеп берілді. 

“Family day” облыстық жоба

06.10.2021

Отбасылық тәрбие бағыты бойынша облыстық “Family day” жобасына бастауыш сынып оқушылары белсенді қатысады.

Ұстаздар күні құтты болсын!

04.10.2021

Жас мамандардың біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға, инновациялық баулу мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін Жидебай Арықбайұлы атындағы аудандық  “Жас маман” конкурсына мектебіміздің 2 жас маманы конкурсына қатысып, география пәнінің мұғалімі Елемес Берік Нұрлыбекұлы  “Жаңашыл педагог” номинациясына ие болды. Бастауыш сынып мұғалімі Қабылбек Аружан Тасқынқызы -1 орынға иеленді. Құттықтаймыз!

1қазан -Халықаралық қарттар күні!

30.09.2021

Қария-ағып жатқан дария, телегей теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы, дарияның тазалығы қандай болса, біз де өздеріңізді сондай деп білеміз. Ақсақал-әжелер халықтың тұнып тұрған хаты. “Қарты бар елдің қазынасы бар” деген аталы сөз осыдан қалса керекті. Ал үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету- ата-бабадан келе жатқан салтымыз.1қазан -Халықаралық қарттар күніңмен құттықтаймыз!

1-қырқүйек Білім күні!

01.09.2021

1-қырқүйек Білім күні 2-сынып оқушылармен Тәуелсіздіктің 30жылдық мерекесіне арналған “Тәуелсіздік жетістіктері” атты сынып сағаты өткізілді. Оқушылар отанымыздың осы жылдары өткен жолдары мен сан тарау жеңістеріне шолу жасады, викториналық сұрақтарға жауап берді, өз ойларын суретпен жеткізді. Бұл оқушы бойына патриоттық сезім мен Отансүйгіштік қасиетін тудыратын танымдық сағат болды.30асу! 30белес! 30жетістік!.

“Елім-ай” жобасы

08.06.2021

Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Кайдарова А. Е. оқушылармен “Елім-ай” жобасы бойынша жұмыс жүргізді.Қазақ халқының салт-дәстүрін , ою-өрнегін , мәдениетіне деген сүйіспеншілік, құрмет, білу мақсатында ұйымдастырылды.  

“New time” жанындағы сауықтыру лагері

07.06.2021

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Кабиев И.Т ” New time” жанындағы сауықтыру лагерінің қатысушылары арасында ойын өткізді. Оқушылар  жеңіске жетуге деген құлшыныспен ойнады. Ойының мақсаты: денені шынықтыру, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

“Менің Туым” облыстық жоба

04.06.2021

 10 сынып оқушысы Нажмиденова  Ания облыстық қашықтықтан викториналық ойыны  “Менің Туым” жобасына қатысты. Мақсаты өз еліне, жеріне , рәміздерге деген патриоттық, құрмет сезімдерін ояту.

“NEW TIME” сауықтыру лагері

04.06.2021

“NEW TIME” мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің жұмыс жоспары бойынша өткізілген іс-шаралары.

Оқуға құштар мектеп жобасы

03.06.2021

“New Time” жазғы лагерінің жоспарына сәйкес мектеп кітапханасында “Оқуға құштар мектеп жобасы” аясында  “20 минуттық оқу ” бойынша балалар кітап оқып, тақпақ айтып, оқыған кітаптардың мазмұнын айтты. Кітапханашы А. Темиргалиева.

Дарынды оқушы!

02.06.2021

Май ауданының әкімі Марат Қамзаұлы мен қоғам қайраткері Тито Уақапұлы ауданымыздың дарынды оқушылармен кездесті. Кездесуге мектебіміздің 11- сынып оқушысы Нурым Галымжан қатысып, 20 мың теңге ақшалай сертификатқа ие болды. Құттықтаймыз!

1 маусым-Балаларды қорғау күні!

01.06.2021

1 маусым-Балаларды қорғау күні!

01.06.2021

1 маусым-Балаларды қорғау күніне орай бүгін “Көңілді автобус” акциясы ұйымдастырылды. Балаларымызға дендеріне саулық, амандық, жақсылық, көңіл-күйлері әрқашанда көңілді болсын!

 

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

25.05.2021

25 мамыр – “Сыңғырла соңғы қоңырау” мерекесі  Қазан жалпы орта білім беру мектебінің ашық алаңында өткізілді. Кең байтақ Отанымыздың білім ұясында күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, “Сыңғырла, соңғы қоңырау” салтанатты шараның шымылдығы еліміздің әнұранымен ашылды. Мектеп директоры Г. Сабирова оқушылармен ұстаздарды мерекелерімен құттықтап , мектеп бітіруші түлектерге ақ тілегін жеткізді.