Кисамиденова Назигуль Каскырбаевна
Кисамиденова Назигуль Каскырбаевна 1957 жылы 22 наурызда Павлодар облысы, Май ауданына қарасты Қазан совхозында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары, 1981 жылы Павлодар педагогикалық институтын орыс тілі және педагогика факультетін орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, тәрбие жұмысының әдіскері мамандығы бойынша бітірген. Білім беру саласында 31 жыл еңбек етіп келеді. Назигуль Каскырбаевна 1964 жылы Қазақстан орта мектебінде 1-сыныбына барып, 2 –8 сыныптарын Қазан орта мектебінде оқып, 1974 жылы Саты орта мектебін аяқтады. 1976 – 1981 жылдары Павлодар педагогикалық институтының орыс тілі және педагогика факультетіне түсіп, 1981 жылы орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі және тәрбие жұмысының әдіскері мамандығы бойынша аяқтап, Қазан орта мектебіне оралды. 1982 – 1987 жылдары мектепте тәрбие ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1987 жылдан бастап осы мектептің мектеп директоры лауазымында жұмыс істеді. 1992 жылы «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағына ие болды. 1998 жылы «Астана» медалімен, 2002 жылы «Қазақстан Республикасының тәуілсіздігіне 10 жыл» медалімен, 2004 жылы «Ы.Алтынсарин» белгісімен, 2008 жылы «Ерең еңбегі үшін» медалімен, 2012 жылы – «Павлодар облысының 75 жылдығына», «Қазақстан Республикасының маслихатына – 20 жыл» – медалімен марапатталды. 2008 жылы Май аудандық әкімнің Құрмет грамотасымен марапатталды. Мектепті басшылық еткен кезінен бастап, Қазан орта мектебі барлық салалар бойынша аудан мектептерінің ішінде бірінші орында. Қазан орта мектебінің директор лауазымында 28 жыл жұмыс істеді. Қазіргі уақытында еңбегі сінген ардагер ұстаз.
Сабирова Гульнар Жумагалиевна
Мектеп директоры, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. 1967 жылы 11 қазанда Қазан совхозы, Май ауданы, Павлодар облысында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. 1989 жылы Павлодар педагогикалық институтының шетел тілдері (ағылшын және неміс) пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1989 жылы Май ауданы, Чапаев орта мектебінде бастаған. Педагогикалық өтілі – 26 жыл. Өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. 2015 жылы аудан әкімінің «Оқу ісінің шебері» номинациясына ие болды. Үнемі өзінің кәсіби деңгейін жетілдіріп отырады, ағылшын тілін оқыту мәселелері бойынша семинарларға, конференцияларға, шығармашылық топ жұмыстарына белсенді түрде қатыса отырып, өзінің ұстаздық тәжірибесінде шығармашылық деңгейде қолданады. 2012 жылы халықаралық «Білім берудегі инновациялар: тәжірибе, мәселелер және болашақ» конференциясында «Мұғалімнің педагогикалық қызметінің тиімділігін талдау» тақырыбында жұмысы шықты. 2014 жылы аудандық «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – сапалы білім берудің кепілі» тақырыбында семинарда ҰБТ-ға сапалы дайындық жүргізу бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Оқушылары халықаралық «Кенгуру-лингвист», «Золотое Руно», «British bulldog» сайыстарының, аудандық пәндер олмпиадасының жеңімпаздары. 2015 жылы ҰБТ-дан орташа балл – 25. 2012 жылы 5 оқушысы, 2014 жылы 1 оқушысы Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсті. 9 жыл ішінде 10 түлегі шетел тілдері мамандығын таңдап, аудан, облыс мектептерінде, жоғары оқу орындарында жұмыс істейді. 1989 – 1993 жылдары Чапаев орта мектебінде неміс тілі мұғалімінің қызметін атқарды. 1993 жылдан бастап Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде ағылшын тілі мұғалімі. 1994 – 1998, 2005 – 2015 жылдары Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қызметін атқарды. 2015 жылғы қыркүйек айынан бастап мектеп директорының міндетін атқарушы. 2016 жылғы наурыз айынан бастап Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің директор лауазымына тағайындалды. 2010 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, облыстық АҒТО «Ертіс дарыны» Алғыс хатымен, 2013 жылы білім басқармасының грамотасымен, аудандық білім беру бөлімі тарапынан грамоталармен марапатталған.

T3
Темиржанова Гульдана Казболатовна
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Гульдана Казболатовна 2012-2013 оқу жылы аудандық пән олимпиадасында ІІІ орынға, 2013-2014 оқу жылы ІІ орынға ие болды. 2013-2014 жылы облыстық педагогикалық оқуларының қатысушысы. 2013 жылы Республикалық «Ұлағатты ұстаз» сайысында ІІІ орынға ие болды. 2015-2016 оқу жылы облыстық «Ақпараттық –коммуникациялық технологиялар білім беруде» конкурсында ІІ орын жүлдегері. 2012 жылы аудандық Мұқағали оқуларында Қарғалиев Айбек ІІ орынға ие болып, 2013 жылы облыстық Мұқағали оқуларының қатысушысы. 2012-2013 жылы Қарғалиев Айбек «Жарқын болашақ» VІ республикалық КАТЕV қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінің «Сөз шеберлері» конкурсында ІІ орын, Уалиева Айгерім «Тілші әдебиетшілер» конкурсында ІІ орын, «Әнші бұлбұлдар» конкурсында Нұрымова Әсия ІІІ орын, 2013-2014 жылы Аубакирова Мөлдір «Әнші бұлбұлдар» конкурсында ІІІ орын иеленді. 2011-2012 оқу жылы аудандық Абай оқуларында «Көңілім әнді ұғады» номинациясында Нұрымова Әсия ІІІ орын, 2014-2015 жылы Муханова Айгерім «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша ІІІ орынды иеленді. 2015-2016 оқу жылы аудандық пәндер олимпиадасында 9-сынып оқушысы Нұрымова Әсия ІІ орын иеленді. 2015-2016 оқу жылы Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде өткен аймақтық пәндік олимпиадада қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен үздік білімімен көзге түскені үшін оқушысы Нұрымова Әсияға және оқушының жоғары деңгейде дайындағаны үшін Гулдана Казболатовнаға ректордың Алғыс хаты берілді. 2015 жылы білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Темиргалиева Жибек Алтынбековна
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Жибек Алтынбековна 33 жыл еңбек етіп, білім беру саласына көп үлесін қосқан тәжірибелі ұстаз. Осы жылдар бойы сапалы да саналы білім беріп, оқушы бойына адамгершілік қасиеттерін дарытты. Терең біліммен қаруланған кәсіптік шеберлікке бейімделген іскер де қабілетті маман ретінде ұстаздарға үлгі болып келеді. Сонымен қатар жас ұрпақты тәрбиелеу, оқыту ісінде өзінің тәжірибелі ұстаз және жас ұстаздардың қамқоршысы ретінде танытты. Қазіргі уақытта да Жибек Алтынбековна білім саласында қажымай – талмай еңбек етіп, сабақ беруде ізденгіш, жаңашыл технологияларды пайдаланып, оқушылардың өздігінен білім меңгеру бағытында жұмыс атқарады. Оқушыларға білім мен тәрбие беру барысында шығармашылық көзқарасын көрсетті. Өз ісіне шын берілген, қазіргі білім саласының жағдайын терең түсінетін тәжірибелі ұстаздың оқушылары жыл сайын аудандық пәндер олимпиадасының жүлдегерлері, облыстық олимпиада қатысушылары. 2011 жылы облыстық «Ертіс өңірінің компоненті» атты сайысқа қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2012 жылы аудандық «Абай оқуларында» 7-сынып оқушысы Нұрымова Әсия «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша ІІІ орында. 5-сынып оқушысы Рымханов Айхан «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша ІІІ орын. 2012 жылы 9-сынып оқушысы Қарғалиев Айбек аудандық «Мұқағали оқуларында» ІІ орын. 2012 жылы ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген «Менің Президентім» атты аудандық шағырмашылық байқауда 8-сынып оқушысы Мейрамбекова Жадыра алғыс хатпен марапатталды. 2013 жылы республикалық «Жарқын болашақ» сайысының аудандық кезеңінде 9-сынып оқушысы Қарғалиев Айбек «Сөз шеберлері» номинациясы бойынша ІІ орын. 2013 жылы республикалық «Жарқын болашақ» сайысының аудандық кезеңінде 9-сынып оқушысы Уалиева Айгерім «Тілші-әдебиетшілер» номинациясы бойынша ІІ орын. 2014 жылы 6-сынып оқушысы Уалиева Аяулым облыстық интеллектуалды марафонында ІІ орын. 2013 жылы 10-сынып оқушысы Қарғалиев Айбек облыстық «Мұқағали оқуларының» қатысушысы. 2013 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық қашықтықта өткізілген олимпиадаға 4 оқушы қатысып, сертификаттар алды. Оқушылардың сабаққа деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру мақсатында сабақтарын әрдайым түрлендіріп, шәкірттерінің жүректеріне оңай жол таба білетін, шығармашылықпен еңбек ететін ұстаз шәкірттері 2011, 2012 2013, 2014, 2015 жылдары ҰБТ-ге қатысып, білім сапасын 100% жоғары деңгейде көрсетті, орташа балл 21-23 аралығында. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің аудандық проблемалық – шығармашылық тобына жетекшілік етеді, аудандық қорытынды аттестаттау жұмыстарды тексеру тобының мүшесі. Мектепте гуманитарлық бірлестігінің жетекшісі ретінде жас мамандарға көп көмек көрсетуде. Жібек Алтынбековна – қазіргі күнде игілікті істер жолында білімді де ұлағатты ұстаз, өзінің мінез-құлқымен, қарым-қатынасымен, іс- әрекетімен, адами қасиеттерімен шәкірттері мен әріптестеріне үлгі-өнеге болып табылатын тәжірибелі маман.
Курмашева Майра Жумагалиевна
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты математика пәнінің мұғалімі. 2014 жылы «Интеллектуалдық сайыстар мен олимпиадаларға дайындау мәселелері бойынша» тақырыбы бойынша оқыту семинары. 2015 жылы infourok.ru cайтында келесі басылымдарды жариялады: «Геометриядан тест тапсырмалары 7-9 сыныптар», «Математика пәнінен мектепішілік олимиадасының тапсырмалары», «Үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысы», «Математика, физика, химия, информатика апталығы». 2015 – 2016 оқу жылы 8 – сынып оқушысы Қабылбек Аружан «Инфоурок» жобасының математика пәнінен халықаралық қашықтық олимпиадасының І орын иегері. 2015 – 2016 оқу жылы 5 – сынып оқушылары Маралбаева Арай, Жұмабек Нурикамал, Сейфулла Дидар «Инфоурок» жобасының математика пәнінен халықаралық қашықтық олимпиадасының ІІ орын иегерлері. 2015 – 2016 оқу жылы 5 – сынып оқушылары Маралбаева Арай, Жұмабек Нурикамал «Қазақстан ұстаздары» қоғамы ұйымдастырған математика пәнінен республикалық қашықтық олимпиадасының І орын иегерлері. 2015 – 2016 оқу жылы 5 – сынып оқушылары Сейфулла Дидар, Культай Нурай, Жұмабек Нурикамал, Нұржан Айзар «Ақбота» марафонының 3 орын иегерлері. 2015 – 2016 оқу жылы 5 – сынып оқушылары Сейфулла Дидар, Культай Нурай, Жұмабек Нурикамал «Кенгуру-математика барлығы үшін» сайысының 2 орын иегерлері.
Шонова Гульнара Кабдарашитовна
Біліктілігі жоғары бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі.2014-2015 оқу жылында «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығында «Бастауыш сынып мұғалімінің ақпараттық дайындығындағы медиортаның функционалдық мүмкіндіктері», Инновациялық Еуразия университетінің біліктілік жетілдіру институтында «Замануи кезеңде бастауыш сыныпта білім беруді ұйымдастыру теориясы мен тәжірибесі» тақырыптарында курстан өтіп, Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының ұйымдастыруымен өткізілген Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша 1-үйренушілік деңгейін меңгерді. 2014 жылы бастауыш сынып мұғалімдерінің арасында өткен Қазақстандық интернет олимпиадасында жақсы нәтиже сертификатын алды. 2015 жылы Kopilkaurokov.ru сайтында сауат ашу пәнінен «Сөздерді буындарға бөлу», математика пәнінен «Қайталау. 7 санын қосу және азайту», дүниетану пәнінен «Көкжиектің негізгі және аралық тұстары» сабақ жоспарлары, 2015 жылы «Инфоурок» проектісінде жеке сайтын ашып, қазақ тілі пәнінен «Сөз және оның жасамы», әдебиеттік оқу пәнінен «Ту тіккен Рақымжан», технология пәнінен «Ұлттық бұйымдар», математика пәнінен «Үштен бір бөлік», дүниетану пәнінен «Ағза мүшелері» тақырыбында сабақ жоспарларын жариялады. 2014 жылы «Адам және табиғат» халықаралық ойын конкурсында Шакен Арсен І орын, Мейрамбек Жәния ІІІ орын, 2015 жылы Нажмиденова Ания І орын иеленді. 2015-2016 оқу жылы халықаралық «Новый урок» проектісінде математика пәнінен оқушылары тестілеуден өтіп, 2 оқушы «Алтын сертификат», 3 оқушы «Күміс сертификат» иегерлері атанды. 2015-2016 оқу жылы «Қазақстан ұстазы» қауымдастығы ұйымдастырған республикалық қашықтық олимпиадасында математика пәнінен 3-сынып оқушылары Амангелді Оразалы І орын, Тулеуова Айым ІІ орынға ие болды. 2015-2016 оқу жылы «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Ғылымға алғашқы қадам» атты Республикалық бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жұмыстар сайысында 3-сынып оқушысы Тулеуова Айым ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2012-2013 оқу жылы 2 оқушысы облыстық интеллектуалдық марафонына қатысып, 4-сынып оқушысы Назымбек Нұрхат 3-орынға ие болды. 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған аудандық көркемсурет конкурсында Амангелді Оразалы ІІ орын, Серікқали Сержан ІІІ орынға ие болды. 2010 жылы Май ауданының білім беру бөлімінің Алғыс хаты, 2011 жылы «Нұр Отан» ХДП Май аудандық филиалының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Какежанова Диана Ербулатовна
Біліктілігі жоғары бірінші санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. 2014 жылы аудан көлемінде аудандық ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне «Ағылшын тілі сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану тиімділігі» бойынша шебер-сыныбын өткізіп, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. 2012 жылы ағылшын тілінен тереңдетілген 8-сыныпқа арналған авторлық бағдарлама «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ филиалының әдіскері В.В.Янбыхпен рецензияланған. 2012 жылы ағылшын тілінен тереңдетілген 9-сыныпқа арналған авторлық бағдарлама«ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ филиалының ПҚБАИ кафедра меңгерушісі Р.Д.Ашимбетовамен рецензияланған. 2015 жылы 3,7-8-сыныптарға факультативтік бағдарламалар құрастырып, ПМПИ-ның аға оқутышысы А.К.Акылбековамен рецензияланған. 2011-2014 жылдар аралығында Уалиева Айгерім аудандық пәндер олимпиадасынан жүлдегері атанды, облыстық пәндер олимпиадасының қатысушысы. Осы оқушы 2015 жылы ҰБТ-ден ағылшын тілі пәнінен 25 ұпай алды. Халықаралық «British Bulldog» ойын-конкурсында 2012-2013 оқу жылында 3 оқушысы І орынға ие болды, 2011-2012 оқу жылында халықаралық «Золотое руно» ойын – конкурсында 3 оқушы ІІІ орынға ие болды, 2014-2015 оқу жылында 1 оқушысы халықаралық «British Bulldog» ойын-конкурсында І орынға ие болды. 2013-2016 жылдары 4 оқушысы «Қазақстандық интернет олимпиадасынан» «Аудандық ең үздік нәтиже» номинациясын иеленді. 2015-2016 оқу жылында 10 оқушысы халықаралық қашықтық «Инфоурок» олимпиадасының 10 оқушысы жүлделі орын иегерлері. 2015-2016 оқу жылында 12 оқушысы “Қазақстан ұстаздары” қоғамымен ұйымдастырылған ағылшын тілінен Республикалық қашықтық олимпиадасының 1 орын иегерлері. 2012 жылы аудандық пәндер олимпиадасының І орын иегері. 2015 жылы «Ziat» ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Авторлық бағдарламалар» атты Республикалық оқытушылар сайысында ІІ орынға ие болды. Жыл сайын Республикалық интернет олимпиадасының қатысушысы, «Үздік нәтиже» номинация иегері. «Инфоурок» жобасында ақпараттық технологияларды білім саласында үнемі пайдаланғаны үшін «Алтын грамотамен» марапатталды. Халықаралық қашықтық «Инфоурок» олимпиадасының жүлделі орын иегерлерін дайындаған үшін Алғыс хатпен марапатталды. «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған Республикалық қашықтық олимпиадасының жүлделі орын иегерлерін дайындаған үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2015 жылы аудандық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Жаксымбетова Сания Манатовна
Бірінші санатты тарих пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі 9 жыл. 2014 жылы облыстық «12 жылдық бейіндік мектепке арналған үздік арнайы курс» конкурсына қатысып, алғыс хат алды. 2014 жылы Қазақстандық интернет олимпиадасында Қазақстан тарихы пәнінен аудан бойынша үздік нәтиже сертификатын, 2015 жылы «Жеңіс күніне 70 жыл» тақырыбында өткізілген Қазақстандық интернет олимпиадасында аудан бойынша үздік нәтиже сертификатын алып, 2015 жылы Қазақстандық қашықтық интернет олимпиадасында құқықтану негіздері пәнінен ІІІ орынға ие болды. 2015 жылы «Менің инновациялық сабағым» атты ІҮ Халықаралық оқытушылар сайысында «Ұшқыр ойдың майталманы» номинациясында І дәрежелі дипломмен марапатталып, эссесі Астана қаласындағы «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығы шығарған электрондық жинағына енді. 2015 жылы «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Авторлық бағдарламалар» республикалық оқытушылар сайысында ІІ орын, «Әдістемелік жинақ» республикалық сайысында ІІІ орын иеленді. 2015 жылы бүкілресейлік «Умната» конкурсының «Мектептегі азаматтық-патриоттық тәрбие» блиц -олимпиадасында ІІ орын, бүкілресейлік «Вопросита» конкурсының «Тарих пәні мұғалімінің білім жүйесіндегі ежелгі Рим» блиц-олимпиадасында І орын иеленді. 2016 жылы аудандық пән олимпиадасында ІІ орын иеленді. 2015 жылы «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің үздік қызметкерлері жинағына есімі енді. 2015 жылы жеке сайт ашып, интернет ресурстарда еңбектері жарияланды. 2014 жылы 10-сыныпқа арналған «Ұлт-азаттық көтерілістер» қолданбалы курс бағдарламасын әзірлеп, С.Торайғыров атындағы ПМУ қауым профессоры, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Қ.Батталовпен рецензияланды. 5-сыныпқа арналған «Атақты қазақ хандары» факультативтік курсының бағдарламасына ПМПИ Қазақстан және шет елдер тарихы кафедрасының аға оқытушысы Г.К.Ракишеваның пікірі алынды. 2014 жылы Республикалық қашықтық олимпиадасында оқушылары Жамсап Алтын ІІ дәрежелі, Бауыржанқызы Нұрай ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2014 жылы «Ертіс дарыны» АҒТО ұйымдастырған облыстық сырттай оқу мектебінің шағын олимпиадасында Қазақстан тарихынан 9-сынып оқушысы Омарова Айым І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2014 жылы Қазақстан тарихынан Қазақстандық интернет олимпиадасында 10-сынып оқушылары Омирбекова Алия мен Омирбеков Алибек үздік нәтиже сертификаттарын, 2015 жылы Қазақстан тарихынан Қазақстандық интернет олимпиадасына 5 оқушысы қатысып, 3 оқушысы үздік нәтиже, 1 оқушысы аудан бойынша ең жақсы нәтиже сертификаттарын, 2015 жылы «Жеңіс күніне 70 жыл» тақырыбында өткізілген Қазақстандық интернет олимпиадасында 5-сынып оқушысы Кинаятов Бекзат пен 10-сынып оқушысы Солтанов Дидар аудан бойынша аудан бойынша үздік нәтиже сертификатын, 2015 жылы 4 оқушы «ҰБТ-ға бір қадам» пәнаралық олимпиадасына қатысып, 2 оқушысы үздік нәтиже сертификатын,2 оқушысы аудан бойынша ең жақсы нәтиже сертификатын алды. 2014 жылы 10-сынып оқушысы Урюмова Лаура «ҰБТ-ға дайындал» пәнаралық олимпиадасы бойынша Қазақстандық интернет олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. 2015 жылы 5-сынып оқушысы Сипатилова Анеля Қазақстан тарихы пәнінен «Тарих ата» Х Республикалық олимпиадасында (Щучинск қаласы) ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2015-2016 оқу жылы халықаралық «Инфоурок» проектісінде дүние жүзі тарихынан 10 оқушы ІІ-ІІІ жүлделі орынға иеленсе, аталған проектісінің «Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 70-жылдығы» тақырыбында өткен қашықтық олимпиадасында 5 оқушысы қатысып, 2 оқушысы ІІ жүлделі орынға ие болды. «Инфоурок» проектісінің «Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 70-жылдығы» тақырыбында өткен олимпиаданың финалдық турында 1 оқушысы 1 дәрежелі дипломмен, дүние жүзі тарихынан 2 оқушысы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Биылғы оқу жылы «Қазақстан ұстазы» қоғамдастығымен ұйымдастырылған қашықтық олимпиадасына Қазақстан тарихы пәнінен 12 оқушысы қатысып, І орынға иеленді. 2015-2016 оқу жылы ақпараттық технологияларды білім саласында белсенді пайдаланғаны үшін
«Инфоурок» проектісінің «Алтын грамотасымен», «Инфоурок» проектісінде олимпиада жеңімпаздарын дайындаған үшін Алғыс хатпен, «Қазақстан ұстаздары» қоғамдастығымен ұйымдастырылған Республикалық қашықтық олимпиадасының жүлделі орын иегерлерін дайындаған үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2013 жылы аудандық білім беру бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Магнұрова Мөлдір Ақылбекқызы
Жас маман. 1994 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Аягоз ауданында дүниеге келді. 2001 жылы Аягоз ауданы, Шынқожа батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектепте 1 сыныпқа қабылданды. 2012 жылы 11 сыныпты сәтті аяқтап, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің педагогика факултетіне “педагогика- психология” мамандығы бойынша оқуға түсті. 2016 жылы “педагогика- психология” мамандығы бойынша бакалавр дәрежелі дипломға ие болды. Қазіргі уақытта “Дипломмен ауылға” бағдарламасы бойынша Павлодар облысына жолдама алып, Май ауданы, Жұмыскер ауылында Қазан жалпы орта білім беретін мектебіне “педагог- психолог” мамандығы бойынша орналасты.