Category Archives: Басты

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде мектепалды даярлық сыныбында халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Көктем гүлі» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Мақсаты: қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Мектепалды даярлық сыныбында өткізілген іс –шараға ата-аналар мен мектеп ұжымы шақырылды. Әр ата-ана балаларының өнерлерін тамашалап, жүздерінен шаттық мейірімге толы көңіл күйлері байқалды. Мерекелік іс шарның соңында ата –аналар құттықтаулар мен тілектерін білдірдіп, балаларға шағын сыйлықтар табысталуымен аяқталды.

XXVII оқушылар спартакиада бағдарламасы

13.11.2017

Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен “XXVII оқушылар спартакиада бағдарламасы” бойынша волейбол жарысында “Қазан” ұлдар құрама командасы және қыздар құрама командасы II орынға ие болды.

“Жайдарман – 2017”- ойындарының күзгі фестивалі

10.11.2017

Май ауандық Ішкі саясат бөлімінің және “Арманастар” жастар орталығының ұйымастыруымен өткен “Рухани Жаңғыру” бағарламасы аясында және Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған”Жайдарман” күзгі фестивалі ойыны ұйымастырылды. 9 қараша күні Жұмыскер ауылының мәдениет үйінде өткізіліп, Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің “Шалдың балалары” командасы қатысып, финалға жолдама алды.

Мектеп мақтаныштары

07.11.2017

Қазан жалпы орта білім беретін метебінің волейбол командасы “Күзгі демалысына арналған 2000 ж.т.және одан кіші жастағы жасөспірімдер арасында волейболдан Май ауданының БЖСМ-ің ашық біріншілігіне” қатысып I- орынға ие болды.

Мектеп кітапханасындағы көрме

02.11.2017

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау, Қазақстанның жетістіктері туралы білімдерін тереңдету, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

“Ақжар өндіріс” ЖШС консерві цехына саяхат

02.11.2017

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде күзгі демалыс кезінде аудандық концерв цехына саяхатқа барып қайтты.
Концерв цехына барып, қалай жасалу жолдарымен танысып, көріп қайтты. Оқушылар өздеріне қажетті көптеген мәліметтер алды.

“Лабиринт арқылы өткізіп көр!” психологиялық ойын

01.11.2017

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде педагог – психолог М. А. Магнұрова күзгі демалыс кезінде мектеп оқушыларымен “Лабиринт арқылы өткізіп көр!” психологиялық ойынын өткізді. Мақсаты:топ арасындағы ұйымшылдық пен бірлікті нығайту. Ойынға оқушылар қызығушылықпен қатысты.

Мектеп ауласындағы тазалық жұмыстары

20.10.2017

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Жалпы тазалық жұмыстарына барлық мектеп ұжымы мен оқушылары қатысты.

«Итмұрын – дәрумен көзі» итмұрын жинау акциясы

16.10.2017

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде аға тәлімгер Г. Серікбаеваның ұйымастырумен салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасын іске асыру мақсатында «Итмұрын дәрумен көзі» атты акция ұйымдастырылды.
Итмұрын – бағалы дәрумендерге өте бай жеміс. Одан дайындалған дәрі-дәрмек медицинада асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданады. Ал гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады. С дәруменіне бай жемісті емдік дәрі ретінде әрі дәрумен түрінде көптеген жүзжылдықтардан бері кәдеге жаратып келеді. Оқушыларды “С” дәруменімен қосымша дәрумендендіруге 5-9 сынып оқушылары атсалысып, итмұрын жинады. Қазіргі уақытта, жиналған итмұрынды кептіріп, ас мәзіріндегі шай мен компотқа қосып, барлық оқушыларға берілуде. Дені сау ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!

«Асық games» атты асық ойындары

14.10.2017

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында 2017 жылдың 14 қазан күні Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде 1-4 сыныптар арасында «Асық games» атты асық ойындары өтті. Ұлттық ойындардың бірі асық ойындарын жандандыру мақсатында бастауыш сынып оқушыларына асық ойындарының түрлері және тәсілдері көрсетілді. Бастауыш сынып оқушылары асық ойындарын бар ықыластарымен қызығушылықпен ойнады.

«Менің болашаққа бағдарым» сынып сағаты

14.10.2017

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында 2017 жылдың 14 қазан күні Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде 5-11 сыныптар арасында «Менің болашаққа бағдарым» атты сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен, ондағы мақсат-міндеттермен оқушыларды таныстырып өткеннен кейін оқушыларды топқа бөліп, Елбасы мақаласында көрсетілген «Таяу жылдағы міндеттерді» постерге салғызды: «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Қазақстандағы 100 жаңа есім».
2012 жылғы желтоқсан айында Елбасының жарияланған «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жыл¬дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» айта отырып, сол кезден барлық салаларда біз латын қар¬піне көшуді бастайтынымызды атап өтті. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп¬биімен басып шығара бастауға тиіспіз. Осы мәселемен оқушыларды таныстыра отырып, латын әліпбиінің жобасын көрсетті. Әр оқушы тәжірибе жүзінде латын әліпбиін пайдаланып, өз есімдерін жазып көрді.
Сынып сағатын қорытындылай келе, әр оқушы «Рухани жаңғырудың» символы болып табылатын қыран құсына Елбасының мақаласы бойынша өздері жүзеге асыра алатын мақсат-міндеттерін стикерге жазып қалдырды.

«Достық шеберханасы» сабағы

14.10.2017

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында 2017 жылдың 14 қазан күні Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде 5-8 сыныптар арасында технология пәнің мұғалімі Нажмиденова Б.М. ұлттық қолөнер бұйымдарын насихаттайтын «Достық шеберханасы» сабағын өткізді. Қошқар мүйіз оюын пайдаланып қыздарға, көрпеше тігуді үйретті. Шеберлік сабағында барлық оқушылар белсене қатысып, қызығушылықтарын танытты.

«Менің болашаққа бағдарым» сынып сағаты

14.10.2017

Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында 2017 жылдың 14 қазан күні Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде 1-4 сыныптар арасында «Менің болашаққа бағдарым» атты сынып сағаты өтті.
Сынып сағаты барысында бастауыш сынып мұғалімдері презентация арқылы еліміздің болашағы оқушылардың қолында екендігін ұғындыра білді.

“Алтын күз” мерекесі

13.10.2017

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде аға тәлімгер Г. Серікбаеванің ұйымдастыруымен “Күзгі бал” кеші өткізілді. Мерекелік іс- шараға барлық сыныптар жаппай қатысты. Іс- шара бірнеше бөлімнен тұрды.
1.Танастыру 2. Өнер 3. Күзгі сән үлгісі 4.”Күз мереке- күз береке” атты тақырыбына қабырға газеті 5. Дәнді дақылдардан көрнекіліктер жасау.
Қазылар алқасы жүлделі орындар беріп, арнаулы сыйлықтарын табыстады. Мерекелік іс -шара өте қызықты өтті.

Ветеринар мамандармен кездесу

13.10.2017

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде “Май ауданының ветеринария бөлімі” мамандарымен “Жаралану кезіндегі алғашқы көмек” тақырыбында 8-9 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: оқушыларды ит қапқан кезде көрсетілетін алғашқы көмек көрсету жолдарымен таныстыру. Ветеринар мамандар оқушыларға ит қабудың салдары мен одан қорғану жолдары жайлы дәріс жүргізді. Дәріс соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптарын талқылады. Итті досымыз санасақ та, әрқашан одан сақтанып жүрейік. Үйде де, түзде де өз өміріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз еткеніміз,бақылауда ұстағанымыз абзал.

Қарттарға көмек көрсетейік!

03.10.2017

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде аға тәлімгер Г.Серикбаеваның ұйымдастыруымен 9-сынып оқушылары ауылымыздың жалғызбасты ата-ажелердің үйлеріне барып, аула тазалық жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: оқушыларды үлкенді сыйлай білуге, құрметтей білуге тәрбиелеу.

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік кеш

02.10.2017

«Қарттарым асыл – қазынам» демекші Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде 1-қазан қарттар күніне орай Жұмыскер ауылы бойынша ата мен әжелер шақырылып, мектепішілік мұғалімдер және оқушылардың ұйымдастыруымен қарттарға арналған мерекелік дастархан жайылып, оқушылардың концерттік бағдарламасы тарту етілді.
Мерекелік кеш 3-4 сынып оқушыларының «Отбасы» әні және «Қазақ» биімен ашылып, алғашқы құттықтау сөз кезегі ауыл әкімі Б.Бекхожин мен мектеп директоры Г.Сабироваға берілді. Мерекелік кеш 4-сынып оқушысы Е.Мейрамбек «Ата әже» әні, 8-9-сынып «Қарттар үйі» сахналық көрінісімен және 1-2-сынып «Өзбек» биі, 9-сынып «Асыл әже», 6-сынып «Ата-әже» әндерін орындап, бастауыш сынып оқушылары ата-әжелеріне арналған тақпақтарын айтты.
Мерекеге келген ауыл үлкендері мұғалімдер мен оқушыларға ізгі тілектерін білдірді. Қызықты ойындар ойналып, қарттар «Арыс жағасында», «Құстар қайтып барады» әндерін орындады. «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демекші ауыл ақсақалдары мектеп оқушыларына баталарын берді.
Қарттық деген қасиетті ұғым бір,
Мені өзіңнің пейіліңмен жылындыр.
Балалардың болашағын аңсаған,
Бойларыңда бір керемет жылу жүр – демекші қарттарды қашанда аялап, ардақтап өтейік ағайын.