Category Archives: Басты

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде мектепалды даярлық сыныбында халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Көктем гүлі» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Мақсаты: қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Мектепалды даярлық сыныбында өткізілген іс –шараға ата-аналар мен мектеп ұжымы шақырылды. Әр ата-ана балаларының өнерлерін тамашалап, жүздерінен шаттық мейірімге толы көңіл күйлері байқалды. Мерекелік іс шарның соңында ата –аналар құттықтаулар мен тілектерін білдірдіп, балаларға шағын сыйлықтар табысталуымен аяқталды.

«Мектепке жол» акциясы

01.08.2014

«Мектепке жол» акциясы 

Еліміздің барлық өңірлерінде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында дәстүрге айналған «Мектепке жол» қайырымдылық жалпы республикалық акциясы өтуде.

Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларынан шыққан оқушыларға көмек көрсету және баланың әлеуметтік себептерге байланысты мектепке бармай қалуының алдын алуға бағытталған. 

(толығырақ…)

ТЖДО арналған аудандық семинар

01.08.2014

Ынтымақтастық – тәрбие негізі 

2013 жылы 4 желтоқсан күні Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде, білім беру бөлімінің қолдауымен «Ынтымақтастық – тәрбие негізі» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Мақсаты: Ынтамақтастық тәрбие негізінде жас ұрпақты тәрбиелеу.

(толығырақ…)

Өнер алды – қызыл тіл!

01.08.2014

Өнер алды – қызыл тіл!

Туған елім – тірлігімнің айғағы, 

Тілім барда айтылар сыр ойдағы, 

Өссе тілім, менде бірге өсемін

Өшше тілім менде бірге өшемін! – деп, ақын Ә.Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті.

   Қырқүйек айының 21-ші жұлдызында халықаралық тілдер мерекесіне байланысты мектеп кітапханасында «Өнер алды – қызыл тіл» атты интеллектуалдық сайысы өткізілді. Интеллектуалдық сайысының мақсаты: оқушыларға ана тілі туралы, ана сүтімен дарыған тума тіліміздің өмірдегі атқарып жатқан қызметің, сол құдіретті тілдің шынайы мөлдірлігі мен тазалығын сақтау туралы түсінік беру. Халқымыздың ұлттық мақтанышы мен дінің кеңінен насихаттау. Сайысқа 1-4 сынып оқушылары белсене қатысып, өздері білетін мақал-мәтелдерін жатқа оқыды. Қатысқан 1-4 сынып оқушылары сынып сағатын ұлттың негізгі тірегі ана тілі, әжелеріміздің бесікті тербете отырып өмірлі бол, ақ ботам бақытты бол, ақ қозым деп жырлар жайлы қысқаша әңгімеден басталды. Отан, Қазақстан, туған жер туралы 1 сынып оқушылары Мұхамеджан Досжан, Тулеуова Айым, Амангелды Гүлназ жатқа мәнерлеп өлең оқыды.

(толығырақ…)