Category Archives: Басты

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде мектепалды даярлық сыныбында халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Көктем гүлі» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Мақсаты: қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Мектепалды даярлық сыныбында өткізілген іс –шараға ата-аналар мен мектеп ұжымы шақырылды. Әр ата-ана балаларының өнерлерін тамашалап, жүздерінен шаттық мейірімге толы көңіл күйлері байқалды. Мерекелік іс шарның соңында ата –аналар құттықтаулар мен тілектерін білдірдіп, балаларға шағын сыйлықтар табысталуымен аяқталды.

COVID-19 сақбол!

13.01.2021

Жаңа 2021 жыл құтты болсын!

28.12.2020

Жаңа жыл, жаңа күн, ардақты,  Жаңа жыл, салиқалы, салмақты. Қазағымның айқара ашып есігін, жақсылықпен жаңалығын жалғапты. Келе жатқан 2021 жыл Сиыр жылы баршаңызға денсаулық, мол бақыт, шаттық әкелсін деген тілектермен 1- сынып оқушыларының құттықтаулары.

Құтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!

14.12.2020

Мықты болсын еліміздің керегесі.

Жүректе намыс оты лапылдаған, күш-жігері жастардың сарқылмаған.

Әлі де шығар алаңға Отан үшін қарсы аққан өзеннен өтетіндер.

Жүректе намыс оты сөнбейді кезінде ызғарына аяздың төзгендей-ақ түсінеміз, ұғамыз бұл күннің оңайлықпен келмегеннін.

Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!

Қазақтың ұлы ақыны -Абай Құнанбаев

11.12.2020

Ұлы дала халқының данышпаны -қазақтың ұлы ақыны және жазушысы Абай Кұнанбаев. Биыл біз, осы ұлы тұлғаның 175 жылдығын атап өтеміз. Абан Құнанбаев көрнекті философ, композитор және аудармашы. Оның философиялық ойлары әлі күнге дейін ақылдың рухани азығы болып табылады. Абай Құнанбаев 170-ке жуық өлең, 56 аударма, поэмалар соның ішінде қара сөздерін жазды.

“Мәңгілік Ел” сынып сағаты

09.12.2020

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 9-сынып оқушыларының арасында “Мәңгілік Ел” сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушыларға тәуелсіздік туралы білімдерін кеңейту, патриоттық сезімін оятып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

“Менің Туым” облыстық жоба

03.12.2020

“Менің Туым” облыстық жобасы аясында “Отан Туым” акциясының жүзеге асырылуы 2-сынып оқушылары белсенді қатысуда. Мақсаты: оқушыларының өз еліне, өз жеріне, Тууына деген патриоттық сезімін ояту.

“Елі сүйген, елін сүйген Елбасы” сынып сағаты

30.11.2020

Президент күніне орай 1- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұнғыш президенті туралы 9-сынып оқушыларының арасында “Елі сүйген, елін сүйген Елбасы” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолын, Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы жеткен жетістіктеріндегі атқарған қызметтерін, халқына арналған жолдауларын оқушыларға түсіндіріп, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімін ояту.

Облыстық Мәшһүр Жүсіп оқулары

30.11.2020

9 сынып оқушысы Мұхаметжан Айым 26 қараша 2020 жылдың облыстық Мәшһүр Жүсіп оқуларының Мәшһүр Жүсіп оқуларының  “Мәшһүр Жүсіп шығармалары және Ұлы даланың ұлы есімдері “Мәшһүр Жүсіп фольклорлық шығармаларынан таңдаған ұлттық ұлы тұлғасы жайында материал жинақтап ІІ -орынға ие болды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің Темиржанова Гулдана Қазболатқызы . Айымға келешекте білімнің шыңынан көрінуге тілектеспіз.

“Бауыржан Момышұлы -ел батыры” сынып сағаты

18.11.2020

Аты аңызға айналған батыр, командир, көптеген марапаттардың иегері, жазушы Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толды. Батылдық, адалдық және табандылық қасиеттерге ие Бауыржан Момышұлы халық қаһарманы. Оның тұлғасынан жоғарғы патриоттық рух, шешім қабылдаудағы сенімділік, тәртіп, даналық пен парасаттылық қасиеттері де табылады. Оқушылар полк командирінің батырлық әрекеттері мен өмірлік қағидаларын еске түсірді. Бауыржан Момышұлының мұрасы ерлік пен тәртіпке, патриотизмге толы, өмірлік жолы ар-намыс, әділдік және адамгершілік қағидаларына негізделген.

“Қызықты үзілістер” жобасы

17.11.2020

“Қызықты үзілістер” жобасы аясында қазіргі кезде ұлттық ойындарымызды дәріптеу мақсатында сыныптар арсында тоғызқұмалақ ойыны ұйымдастырылды. Мақсаты: тоғызқұмалақ ойынының шығу тарихын, ойын атауын талдай отырып, ойынның интеллектуалдық және логикалық ойды жетілдіре түсінетінің дәлелдеу.

“Мен ата-анама көмектесемін”челледжі

12.11.2020

Күзгі демалыс тиімді ұйымдастыру мақсатында 10 сынып оқушысы Нажмиденова Ания  “Мен ата-анама көмектесемін” челледжіне белсенді қатысуда. Оқушыларды еңбек арқылы адамгершілікке, адалдыққа, тазалыққа  тәрбиелеу .

“Мен ата-анама көмектесемін” челледжі

10.11.2020

Күзгі демалыс тиімді ұйымдастыру мақсатында 4 сынып оқушысы Кабиева Мира және 2 сынып оқышсы  Кабиева Айым “Мен ата-анама көмектесемін” челледжіне белсенді қатысуда. Оқушыларды еңбек арқылы адамгершілікке, адалдыққа, тазалыққа тәрбиелеу .

Есентай Ерботиннің туғанына 185 жыл

29.10.2020

Жазушы, журналист Есентай Ерботиннің туғанына 185 жылдығына орай сынып сағаты өткізілді. Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Мәшһүр Жүсіп ауылында дүниеге келген.

“Ыстықкөл сапарының күнделігі” сынып сағаты

29.10.2020

Мектеп оқушыларының қатысуымен Ш. Уәлихановтың 185 жылдығына арналған “Ыстықкөл сапарының күнделігі” сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі: Д.Айтқали

Сенім кабинеті

28.10.2020

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы  туралы Қазақстан Республикасының Заңын орындау мақсатында “Сенім кабинеті” жұмыс жасайды. Бұл кабинетте мектеп психологы мен оның медиаторлары “Зорлық және балалар” бойынша келіп түскен сұрақтарды талқылап, шешімін табады.

“Bala business” облыстық жоба

27.10.2020

10-11сыныптарға “Bala business” облыстық жоба жүзеге асыру аясында  “Менің бизнес идеяларым” атты мектепшілік акциясы өтті. Сынып жетекшілері: М. Курмашева , Д. Какежанова .