Category Archives: Мектеп Туралы

Мектеп Туралы

09.10.2013

Қазан жалпы орта білім беретін мектеп

Жан жемісі ең алдымен оқу, білім, тәрбие десең, сол жемісті берер мәуелі ағашымыз – мектеп. Осындай тарихи тамырлы терең мектептердің бірі – Қазан орта мектебі. Қазан орта мектебі Сарғамыс кеңшарында 1956 жылы Қазақстан мектебінің филиалы ретінде «Сарғамыс» бастауыш мектеп болып ашылды. Мектеп жер үйде орналасты. Жылдар өткен сайын «Сарғамыс» мектебі де кеңейтіліп өсе түсті. Алғашқы директоры – Надежда Дмитриевна Чайка. 1960-1975 жылдары Қазан орта мектебі Қазан сегіз жылдық мектебі аталып, 1976 жылдан бастап Қазан орта мектебіне айналды. Қазан орта мектебінде директорының лауазымын атқарып, еңбектерін сіңірген төмендегі аталған адамдар:

1956-1958 жылдар аралығында – Чайка Надежда Дмитриевна

1958-1960 жылдар аралығында – Пугач Иван Кузьмич

1960-1963 жылдар аралығында – Дмитриенко Евдокия Ивановна

1963-1966 жылдар аралығында – Маркелов Александр Федорович

1966-1970 жылдар аралығында – Казиханов Қуандық Казиханұлы

1970-1972 жылдар аралығында – Сыздыков Әлемғазы Сағадиұлы

1972-1975 жылдар аралығында – Мырзатаев Қанат Бекенұлы

1975-1978 жылдар аралығында – Сыздыкбаев Социал Сыздықбайұлы

1978-1982 жылдар аралығында – Сулейменова Елемес Мұқатайқызы

1982-1987 жылдар аралығында – Альпаев Шәкәрім Альпайұлы қызмет еткен.

1987 жылдан бастап күні бүгінге дейін Кисамиденова Назигүл Қасқырбайқызы мектеп директорының лауазымын атқаруда. 

Қазан сегіз жылдық мектебінің педагогикалық ұжымы (1967 жыл)

Алдынғы қатардағы солдан оңға қарай: Главач К.С., Фролов В.Ф., НикитинаН.Д., Казиханов Қ.Қ., Обухова Т.В., Ильина А.Л.

Артқы қатардағы солдан оңға қарай: Белова Ю.И., Кузнецова Р.Н., Целищева П.Г.,                                      Бородулина Н.И., Корнеева Л.Г.

Мектепте көп жыл бойы жұмыс атқарған мұғалімдер:

           Главач Клавдия Семёновна

           Никитина Надежда Дмитриевна

           Бородулина Нина Ивановна

           Корнеева Людмила Григорьевна

           Целищева Полина Григорьевна

           Оразаева Алила Оразбайқызы

           Темірғалиева Жанкеш Кожахметқызы

           Тетежанов Қазали Жолдасбекққұлы

            Шакаргалиева Алмагүл Абілқызы