Мектеп директоры
Сабирова Гүлнар Жұмағалиқызы 1967 жылы 11 қазанда Павлодар облысы, Май ауданына қарасты Қазан совхозында дүниеге келген.
Ұлты-қазақ. Білімі жоғары. 1989 жылы Павлодар педагогикалық институтының шетел тілдері (ағылшын және неміс) пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1989 жылы Май ауданы, Чапаев орта мектебінде бастаған.
1989 – 1993 жылдары Чапаев орта мектебінде неміс тілі мұғалімі болып жұмыс істеді.
1993 жылдан бастап Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде ағылшын тілі мұғалімі.
1994 – 1998, 2005 – 2015 жылдары Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қызметін атқарды.
2016 жылғы наурыз айынан бастап осы мектептің директоры.
2010 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, облыстық АҒТО «Ертіс дарыны» Алғыс хатымен, 2013 жылы облыстық білім басқармасының грамотасымен, аудандық білім беру бөлімі тарапынан грамоталармен марапатталған, 2015 жылы аудан әкімінің «Оқу ісінің шебері» номинациясына ие болды. 2012 жылы халықаралық «Білім берудегі инновациялар: тәжірибе, мәселелер және болашақ» конференциясында «Мұғалімнің педагогикалық қызметінің тиімділігін талдау» тақырыбында жұмысы шықты. 2014 жылы аудандық «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – сапалы білім берудің кепілі» тақырыбында семинарда ҰБТ-ға сапалы дайындық жүргізу бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Оқушылары халықаралық «Кенгуру-лингвист», «Золотое Руно», «British bulldog» сайыстарының, аудандық пәндер олмпиадасының жеңімпаздары. 2015 жылы ҰБТ-дан орташа балл – 25. 2012 жылы 5 оқушысы, 2014 жылы 1 оқушысы Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсті. 9 жыл ішінде 10 түлегі шетел тілдері мамандығын таңдап, аудан, облыс мектептерінде, жоғары оқу орындарында жұмыс істейді. Педагогикалық өтілі – 27 жыл.
Құрметті қонақтар!
2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады.
Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.
{jcomments on}