«Мектепке жол» акциясы

«Мектепке жол» акциясы 

Еліміздің барлық өңірлерінде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында дәстүрге айналған «Мектепке жол» қайырымдылық жалпы республикалық акциясы өтуде.

Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларынан шыққан оқушыларға көмек көрсету және баланың әлеуметтік себептерге байланысты мектепке бармай қалуының алдын алуға бағытталған. 

Қазан жалпы орта білім беретін мектепте де акция аясында жұмыстар басталып кетті. Ауыл тұрғындарынан сауалнамалар алынып, логотиптер ілінді. Жеке кәсіпкерлерге үндеу хаттар жолданды. Мұқтаж балаларға материалдық көмек көрсету үшін аз қамтамасыз етілген оқитын 9 оқушыға көмек көрсетуде Жұмыскер селолық округінің әкімшілігі, мәдениет үйі, Қазан жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдері, «Теміржан», «Ақтай», «Дархан», «Шакен» шаруа қожалықтары, маслихат депутаты                     Н.К. Кисамиденова, ауыл азаматтары М.К.Кулетов, Сулейменов Тасқын ағаларымыз да акцияға белсене қатысып, қолдан келер көмектерін аямады. 

Акцияға қатысқан шаруа қожалықтар мен ұйымдарға айтар алғысымыз мол. Сіздерге ризашылығымызды білдіріп, Отанымызға тыныштық, отбасыларыңызға бақыт пен береке тілейміз.

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.