Мектепке жол

Қазан жалпы орта білім беретін мектебі бойынша «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ақпарат

2014-2015оқу жылы

Май ауданының білім беру бөлімінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 1-06/135 кіріс хатының «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын 2014 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар негізінде мектепішілік жоспары құрылып, өткізілді. Акция мақсаты – оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылына дайындық кезінде ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу болып табылады. «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыру және өткізу мақсатында мектеп бойынша комиссия құрылды. Тамыз айынан бастап мектеп әкімшілігі мен ауыл әкімшілігі бірігіп 2014-2015 оқу жылында мектепке барудан бас тартқан немесе оқудан бас тартқан, қараусыз қалған, жайсыз отбасынан шыққан балалар жергілікті атқару органдарының, білім беру, ішкі істер, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен рейд өткізілді. Рейд барысында аз қамтамасыз етілген, көпбалалы, жетім, тұрмысы төмен отбасылардың тұрмыстық жағдайы анықталды. Рейдтің нәтижесінде мектепке барудан бас тартқан немесе оқудан бас тартқан, қараусыз қалған балалар анықталмады. Акция барысында плакаттар мен үндеулер таратылып, хабарландыру ілінді, кәсіпкерлер мен шаруашылық басшыларына акцияға қатысу туралы үндеу хаттар жолданды. Оқушыларды жаңа оқу жылына дайындық ретінде көмек көрсеткендер: ауыл әкімі Б.Бекқожин 7000 теңге (туфли), «Теміржан» шаруа қожалығы Н.Теміржанов 7000 теңге (туфли), әкімшілік ұжымы 9000 теңге (спорттық костюм), «Шәкен» шаруа қожалығы Қ.Идрисов 7000 теңге (туфли), мектеп әкімшілігі 5000 теңгеге кеңсе тауарлары, мектеп директоры Н.Кисамиденова 5000 теңге (спорттық аяқ киім), «Ақтай» шаруа қожалығы Қ.Ақтаев 7000 теңге, ауыл молдасы М.Тулкин 20 000 теңге, ауылымыздың жеке меншік дүкен иелері Р.Байбатина «555»дүкені, Б.Оразаева «Анель» дүкендері 4000 теңге, ауылымыздың мәдениет үйі 4000 теңге көлемінде, жалпы сомасы 75 000 теңгеге көмек көрсетілді.

«Мектепке жол» акция негізінде 20 тамызда ауылымызда арзандатылған бағамен аудан орталығынан кәсіпкерлер өз саудаларын жүргізді. Жәрменкеде кеңсе тауарлары мен оқушыларға арналған киім кешектер сатылды.

 

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.