Оқушылардың ойлау қабілеті мен тілін қалыптастыруда пән апталықтарының маңыздылығы

Оқушылардың ойлау қабілеті мен тілін қалыптастыруда
 пән апталықтарының маңыздылығы
   
       Тәуелсіздік пен тіл…Осы бір қасиетті ұғымдарды егіз қозыдай қатар атау олардың адам өмірінде алатын орнын айшықтайды, яғни тілсіз тәуелсіздіктің, тәуелсіздіксіз тілдің ғұмырының баянды болуы мүмкін емес.
      Егеменді еліміздің ертеңі жарқын болуының шарты – тілге құрмет көрсету.
          Гуманитарлық бірлестікте 8 мұғалім, барлығы жоғары білімді. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші, үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын 2 мұғалім ( Г.Қ.Кисамиденова мен Д.Қ. Какежанова) аяқтады.


      Оқушылардың ойлау қабілеті мен тілін қалыптастыруда  пән апталықтарының маңыздылығы зор, Білім жүйесіндегі тілдерді қолдану мен дамыту мақсатында жыл сайын ақпан айында Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, орыс тілі мен орыс әдебиеті және ағылшын тілдерінің апталығын өткізу дәстүрге айналды.
 Апталық барысында мұғалімдер  ашық сабақтар мен әр түрлі  іс – шаралар ұйымдастырды. 7-сыныпта  қазақ тілінен «Ашық рай»,  5-сыныпта қазақ әдебиетінен Ғ.Мүсрепов «Жаңа достар», ағылшын тілінен 11-сыныпта  «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», 5-сыныпта  «Жануарлар әлемі», орыс тілінен 7-сыныпта «Провописание наречий» атты ашық сабақтар өткізілді. Алға қойған мақсатты жүзеге асыру жолында сан қилы тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабақтарының сапасын арттыруға көңіл бөлінді. Әр ұстаз өз пәніне сүйіспеншілікпен қарап, ақпараттық, сын тұрғысынан ойлау, сатылай кешенді талдау, жеті модуль арқылы іске асты.
       «Сабақ – оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы» деп А.Сухомолинский айтқандай, мұғалімдер жаңа тәсілдер арқылы оқытуда білімді дайын күйінде бермей, топпен  жұмыс барысында оқушылар өз бетінше түсінігін айта отырып, өзінің тіл байлығы мен білімін көтерді.


      Сонымен қатар, ағылшын тілінен  «Тіл білгірі», қазақ тілінен «Тапқыр достар», орыс тілінен «В мире сказок» сайыстар,  қазақ әдебиетінен «Бүгін менің туған күнім» М.Мақатаевқа арналған поэзия кеші өтті.
 М. Мақатаевтың өлеңдері оқылды, шығармаларынан үзінділер көрсетілді. Поэзия кешіне оқушылар белсене қатыса отырып, қызығушылық танытты,  бірақ сахналық көріністе дикцияға көңіл бөлу қажетілігі анықталды.
    Соңында әділқазылар алқасы марапаттау қағаздары мен  сыйлықтар берді.
    Апталықта жоспарлаған барлық іс-шаралар, ашық сабақтар уақытында өткізілді. Алдағы уақытта мұғалім – оқушы үшін тек ұстаз ғана емес, сенімді күші, досы болуға тиіс, оқушыны шығармашылықпен айналысуына сабақтан тыс жұмыстарда, сабақ үстінде  қолайлы жағдай жасау – біздің алға қойған міндет. Сондықтан бұл іс – шаралар алдын – ала мұқият дайындалуын, көп ізденуді қажет етеді.
      «Ұстаздың биігі, ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң – қарсы алдында, айналсаң – артында тұрғандай» деп Соқрат айтқандай, егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжуға ат салысайық.

Гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі:        Ж.А. Темірғалиева

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.