Облыстық «Өлкетану» бойынша ең үздік арнайы курс- конкурсы

Облыстық «Өлкетану» бойынша ең үздік арнайы

курс- конкурсы

2013 жылғы 28 қазан күні Павлодар облысы білім беру басқармасы, Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының жұмыс жоспары негізінде, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздарды анықтау және қолдау, олардың кәсіби тұрғыда өсуін ынталандыру, өлкетану бойынша курстар әзірлеудегі пән мұғалімдерінің озық тәжірибесін тарату мақсатында «Өлкетану» бойынша үздік арнайы курс облыстық конкурсы өткізілді. Конкурс 3 кезеңнен тұрды: аудандық, сараптамалық және финал – қорғау. Бұл конкурсқа Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Сания Манатқызы Жақсымбетова мен география пәнінің мұғалімі Салтанат Жұмабекқызы Байбакирова 7-сыныпқа арналған «Өлкетану» авторлық бағдарламасын ұсынды.

Ұсынылған авторлық бағдарлама Павлодар облысының, Май ауданының және Жүмыскер ауылының шығу тарихы, географиясы, экономикалық дамуы, тарихи және табиғи ескерткіштері, белгілі адамдары тақырыптарын қамтиды. Конкурстың екі кезеңінен: аудандық және сараптамалық турынан сүрінбей өтіп, облысқа жолдама алды. Облыс бойынша 40-тан астам жұмыстардың ішінен ең үздік 20 жұмыс таңдалып алынды. Соның ішінде Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздары ұсынған бағдарлама да болды. 28 қазан күні Павлодар қаласындағы №3 дарынды балаларға арналған мектебінде өз бағдарламаларын қорғап, «Әлеуметтік-қоғамдық бағыты бойынша ең үздік арнайы курс» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Алдағы уақытта осы ұстаздар «Өлкетану» авторлық бағдарламасы бойынша электрондық оқулық жасауды жоспарлап отыр.

“Жалпақ жұртыңды, исі Алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады” деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай, келешекте осындай жұмыстар көбейе берсін!

 

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.